Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ⚡Семейде Түркістан облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі басталды

⚡Семейде Түркістан облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі басталды

Семей қаласындағы «Арена» көпфункционалды мәдени-спорт кешенінде Түркістан облысының ауыл шаруашылығы өнімдеріне арналған кең көлемді жәрмеңке өз жұмысын бастады. Шараға келген жұрттың қарасы қалың.

Бұл жәрмеңке Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай оңтүстік халқының тартуы ретінде ұйымдастырылып отыр.

Сауда алаңына 540 тоннадан астам өнім – көкөніс, бақша дақылдары, жеміс-жидек, балық және өңделген тағам түрлері жеткізілген. Барлық тауарлар тұрғындарға тиімді, арзандатылған бағамен ұсынылуда.

Жәрмеңкенің сәнін келтіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлаған – Түркістан облысынан келген өнерпаздар. Олар арнайы концерттік бағдарламасымен жиналған көпшілікті ән мен күйге бөлеп, көңілдерін бір серпілтіп тастады.

#AbaiAqparat

© abaiaqparatkz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*