Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының ювеналдық полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында Әл-Фараби ауданы аумағында рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде өткізуде. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «jetpisbai.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Басты мақсат кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түнгі 23.00-ден кейін заңды өкілдерінсіз көшеде немесе ойын-сауық орталықтарында жүрмеуін тексеру, ата-ананың қарауынсыз қалу және келеңсіз жағдайлардың алдын алу. Тәртіп сақшылары заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерлерде жүрген жасөспірімдерді анықтап, Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жеткізілді. Олардың заңды өкілдеріне ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы 2 бөлігімен — 71 әкімшілік хаттама, ҚР ӘҚБтК-нің 132 бабы 1 бөлігімен -1 әкімшілік хаттама, ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабы 2 бөлігімен – 2 әкімшілік хаттама толтырылды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері кәмелеттік жасқа толмағандарға түнгі уақытта сағат 22.00-ден бастап 06.00-ге дейін көңіл көтеру мекемелерінде жүруге, сағат 23.00-ден бастап 06.00-ге дейін заңды өкілдерінің ілесіп алып жүруінсіз үйден тысқары жерге шығуға тыйым салынатынын ескертеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*