Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАНДА 300 МВТ ҚУАТТЫ КҮН СТАНЦИЯСЫ САЛЫНУДА

ТҮРКІСТАНДА 300 МВТ ҚУАТТЫ КҮН СТАНЦИЯСЫ САЛЫНУДА

Түркістан облысы Сауран ауданы Оранғай ауылдық округінде қуаты 300 МВт болатын ірі күн электр станциясының құрылысы ресми түрде басталды. Ауқымды жобаның басталуына орай уақыт капсуласын салу рәсімі өтіп, өңір үшін маңызы зор бастамаға жол ашылды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған жоба Түркістан облысындағы жаңартылатын энергия көздерін дамытуға бағытталған ең ірі бастамалардың бірі саналады. Күн электр станциясының іске қосылуы аймақтың энергетикалық әлеуетін арттырып, «жасыл энергетика» үлесін ұлғайтуға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Возможно, это изображение текст "OLAR POWER PROJECT"

Салтанатты жиында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров құттықтау сөз сөйлеп, жобаның өңір мен ел үшін стратегиялық маңызын атап өтті. Аймақ басшысы Түркістан облысының күн радиациясы жоғары өңір екеніне тоқталып, жаңартылатын энергия көздерін дамытудың тиімділігіне назар аударды.

– Бүгін өңіріміздің ғана емес, бүкіл еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен «жасыл экономикаға» көшу жолындағы маңызды жобалардың бірі – қуаты 300 МВт болатын күн электр станциясының іргетасын қалау рәсіміне жиналып отырмыз. Түркістан облысы – ауа температурасы ең жоғары аймақтардың бірі. Сондықтан күн энергиясын пайдалану – өңіріміз үшін аса тиімді әрі болашағы зор бағыт. Жобаның жалпы инвестициялық құны шамамен 160 млрд теңгені құрайды. Құрылыс кезеңінде және станция іске қосылған соң 500-ге жуық жұмыс орны ашылады. Бұл – экологиялық таза, тұрақты даму жолына түскен Түркістанның болашағына салынған инвестиция, – деді Нұралхан Көшеров.

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст "ATbl . PaCIM GUW"

Облыс әкімі жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткен Қазақстан Республикасының Президентіне, Үкіметіне, тиісті министрліктер мен мекемелерге, сондай-ақ серіктес компания – «Energy China» басшылығына алғысын білдірді.

Бейнебайланыс арқылы сөйлеген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов жаңартылатын энергия жобаларына қор тарапынан жүйелі қолдау көрсетіліп келе жатқанын айтып, 300 МВт-тық күн электр станциясы еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға елеулі үлес қосатынын жеткізді.

Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь бұл жобаны Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестіктің жарқын көрінісі ретінде бағалап, жасыл энергетика саласындағы бірлескен бастамалардың маңызын атап өтті.

Сонымен қатар бейнебайланыс арқылы «China Energy Group» президенті Ни Чжэн сөз сөйлеп, жобаның ұлттық энергетика саласы үшін мәні мен халықаралық әріптестікті нығайтудағы рөліне тоқталды.

Возможно, это изображение текст

Жиында «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов аталған жоба компанияның төмен көміртекті генерацияға кезең-кезеңімен көшу стратегиясының маңызды бөлігі екенін айтты.

– «Самұрық-Энерго» үшін бұл станцияны салу – тек инвестициялық жоба ғана емес, еліміздің ұзақ мерзімді орнықты дамуына қосқан нақты үлес. Біз серіктестерімізбен бірге объектіні ең жоғары сапа және сенімділік стандарттарына сай жүзеге асырамыз, – деді ол.

Ал «China Energy Engineering Overseas Investment Company» директорлар кеңесінің төрағасы Линь Сяодань жобаның техникалық, экологиялық және инвестициялық қырларына тоқталып, құрылысты белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауға дайын екендерін мәлімдеді.

Салтанатты рәсімде уақыт капсуласын салу құрметі Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровке, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовқа және «China Energy Engineering Overseas Investment Company» директорлар кеңесінің төрағасы Линь Сяоданьға берілді.

Возможно, это изображение текст

Аталған күн электр станциясы толық іске қосылғаннан кейін Түркістан облысында жаңартылатын энергия көздерінің үлесі едәуір артып, өндіріс орындарын ашуға қажетті энергия қоры ұлғаяды. Бұл өз кезегінде өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттырып, экологиялық қауіпсіз әрі тұрақты дамуына серпін береді.

 

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*