Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСАДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСАДЫ

2025 жылғы 15 желтоқсанда сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырмасыншы сессиясы өтті. Маңызды жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, облыс әкімдігінің мүшелері, қала және аудандық мәслихат төрағалары, мемлекеттік органдардың басшылары, облыстық қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Возможно, это изображение текст

Сессия жұмысын облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов жүргізді. Күн тәртібінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты 18 өзекті мәселе қаралды. Атап айтқанда, Түркістан облысы полиция департаменті бастығының, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы мен білім басқармасы басшыларының есептері тыңдалды. Депутаттар баяндама жасаған мемлекеттік орган жетекшілеріне бірқатар нақты ұсыныстарын айтып, жұмысты одан әрі жетілдіруге бағытталған шешім жобаларын қабылдады.

Сонымен қатар кадрлық өзгерістерге байланысты Түркістан облысы әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізілді. Сессия барысында қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Нұралхан Көшеров депутаттарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, алдағы кезеңге арналған маңызды міндеттерге тоқталды.

Нет описания фото.

– Бүгінгі мәслихат сессиясында облыстың дамуына тікелей әсер ететін маңызды шешімдер қабылданды. Алдағы жылдарға арналған облыстық бюджет пен Даму жоспары бекітілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы экономиканы әртараптандыруды, бюджет қаражатын үнемдеп, халыққа нақты пайда әкелетін жобаларға бағыттауды тапсырды. Осыған сәйкес 2026 жылға арналған облыстық бюджет көлемі 1,3 трлн теңгені құрап отыр. Бюджет шығыстарын жоспарлау барысында ең алдымен әлеуметтік міндеттемелерге басымдық бердік. Сондай-ақ басталған нысандардың уақытылы аяқталуына, олардың бағасының қымбаттап кетпеуіне ерекше назар аудардық, – деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы өңірде атқарылған жұмыстардың нәтижесінде экономикалық өсім 114,8 пайызды құрап, республика көлемінде жоғары көрсеткішке қол жеткізілгенін атап өтті. Экономикаға 1,4 трлн теңге инвестиция тартылып, өсім 123 пайызды құраған. Нәтижесінде жаңа жұмыс орындары мен өндіріс орындары ашылып, жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызға дейін төмендеген.

– Бұл көрсеткіштер әкімдік пен мәслихаттың бірлескен жұмысының жемісі. Өңірдің дамуы үшін екі тараптың ынтымағы аса маңызды. Бірлік болса, тірлік берекелі болады. Халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамаларды алдағы уақытта да бірлесе жүзеге асыруымыз қажет, – деді Нұралхан Көшеров.

Возможно, это изображение текст

Сессия барысында ел дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар депутаттар мен еңбек ардагерлеріне Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының алғысхаттары табысталды.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*