Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАНДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде еңбек адамдарының қоғамдағы мәртебесін көтеруге, жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға бағытталған «Еңбек» фотокөрмесі мен Инновациялық Хакатон ұйымдастырылды. Аталған шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жұмысшы мамандықтар жылы» бастамасы аясында өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Возможно, это изображение один или несколько человек, отдел новостей и текст

Іс-шараға университет ректоры Жанар Темірбекова қатысып, оқу орнының тұрақты дамуына үлес қосып жүрген еңбек адамдарына алғысын білдіріп, бірқатар жұмысшы мамандық иелерін Алғыс хаттармен марапаттады.

«Еңбек» фотокөрмесі қарапайым еңбек адамын дәріптеуге арналды. Көрмеде 40-қа жуық кейіпкердің күнделікті маңдай терімен атқарған еңбегі бейнеленген фотосуреттер қойылды. Әсіресе университеттің шаруашылық-техникалық саласында қызмет ететін жұмысшыларға ерекше назар аударылған. Олардың қатарында оқу орны ашылған күннен бері 30 жылдан астам уақыт үздіксіз еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі мамандар да бар.

Фотожобаның басты кейіпкерлері – қазандық пен су қоймасының операторлары, құбыр жөндеушілер, еден жуушылар, бағбандар, сушылар, агротехника жүргізушілері, аула сыпырушылар, ағаш шеберлері, жатақхана кезекшілері және басқа да жұмысшы мамандық иелері. Бұл көрме Ахмет Ясауи университеті басшылығының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Еңбек» медиажобасының бір бөлігі болып табылады. Жоба оқу орны мен Beine.Pro интернет журналының бірлескен шығармашылық жұмысы ретінде іске асқан.

Возможно, это изображение один или несколько человек и люди учатся

Фотосуреттерді университеттің «Өнер, медиа және дизайн» факультетінің студенттері, университет фотографы Нақып Шынтеміров және Beine.Pro визуал контент продюсері, фотожурналист Әйгерім Бегімбет түсірген. Алдағы уақытта beinepro.kz сайтында және әлеуметтік желілерде Ахмет Ясауи университетінің «Журналистика» кафедрасының практик-оқытушысы, Beine.Pro мультимедиа редакторы Жанерке Хумардың тәлімгерлігімен студенттер дайындаған репортаждар мен қысқаметражды видеоматериалдар жарияланбақ.

Сонымен қатар университеттің Коммерцияландыру офисінің бастамасымен өткен Инновациялық Хакатон аясында оқушылар, студенттер, жас мамандар мен жаңашыл ойлы жастар өңірдің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған жобаларын ұсынды.

Хакатонға қатысқан 20-ға жуық команда ауыл шаруашылығы, экология және цифрландыру бағыттары бойынша нақты әрі қолданбалы шешімдер әзірледі. Қатысушылар қысқа уақыт ішінде идеяларын инновациялық жобаға айналдырып, кәсіби біліктілігі мен командалық жұмыс қабілеттерін көрсетті. Ұсынылған жобалар идеяның өзектілігі, техникалық іске асырылуы, жаңашылдығы, практикалық маңыздылығы және таныстырылым сапасы бойынша сарапшылар тарапынан бағаланып, үздік жобалар қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся, толпа и текст

Айта кетейік, мұндай шаралар еңбек адамына деген құрметті арттырып қана қоймай, жастарды жұмысшы мамандықтарға ынталандыруға және қоғамда адал еңбектің қадірін насихаттауға бағытталған.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*