Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » СОЗАҚТА ЗАМАНАУИ СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
default

СОЗАҚТА ЗАМАНАУИ СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Түркістан облысы Созақ ауданындағы Созақ ауылында бұқаралық спортты дамытуға арналған заманауи үлгідегі «Созақ» спорт кешені салтанатты түрде ашылды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Возможно, это изображение боевые искусства

Ауыл тұрғындары үшін үлкен қуанышқа айналған игі шараға Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков, Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров, аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев, сондай-ақ ауыл ақсақалдары мен жергілікті тұрғындар қатысты.

Салтанатты рәсімде аудан әкімі Мұхит Сексенбайұлы ауыл жұртшылығын жаңа спорт нысанының ашылуымен және ел үшін қастерлі Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады. Өз сөзінде ол спорт кешенінің ауыл жастарының денсаулығын нығайтып, олардың бос уақытын тиімді өткізуіне және болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге үлкен мүмкіндік беретінін атап өтті.

Возможно, это изображение текст

Сондай-ақ Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров та құттықтау сөз сөйлеп, жаңа спорт кешенінен еліміздің көк Туын халықаралық ареналарда желбірететін дарынды спортшылар өсіп шығатынына сенім білдірді.

Салтанатты рәсімнен кейін қатысушылар спорт кешенін аралап, оның ішкі құрылымымен, заманауи жабдықтарымен және көрсетілетін қызмет түрлерімен танысты.

Айта кетейік, спорт кешенінің жалпы жер аумағы 1,5 гектарды құрайды. Ғимараттың жалпы көлемі 1 356 шаршы метр. Екі қабатты нысанда футбол, волейбол және баскетбол алаңдары, бокс, күрес және жаттығу залдары орналасқан. Сонымен қатар медициналық кабинет, киім ауыстыратын және жуынатын бөлмелер, қызметкерлерге арналған жеке кабинеттер қарастырылған. Кешен аумағы толық қоршалып, ғимараттың сыртқы фасады заманауи үлгіде қапталған.

Возможно, это изображение один или несколько человек

Жаңа спорт кешенінің іске қосылуы ауыл тұрғындарының, әсіресе жастардың спортпен жүйелі түрде айналысуына және бұқаралық спорттың дамуына тың серпін бермек.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*