Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » САРЫАҒАШТА 5 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

САРЫАҒАШТА 5 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Тәуелсіздік күні қарсаңында Сарыағаш ауданында көптен күткен әлеуметтік маңызы зор жоба жүзеге асты , – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Жібек жолы, Қарабау, Зортөбе, Сарқырама және Жаңақұрылыс елді мекендерінде орталықтандырылған ауыз су жүйесі іске қосылды.

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

Салтанатты шараға Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары, аудан прокуроры Мақсат Мошхалов, аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты. Жиын барысында жаңа инфрақұрылым нысанының маңыздылығы айтылып, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған жұмыстарға ерекше назар аударылды.

Аудан әкімі Арман Абдуллаев Жібек жолы ауылдық округіндегі елді мекендерге арнайы барып, тұрғындарды айтулы мерекемен және таза ауыз суға қол жеткізулерімен құттықтады.

– Тәуелсіздік күні қарсаңында осындай игі істің куәсі болып отырмыз. Жылдар бойы күткен таза ауыз судың әрбір шаңыраққа жетуі – тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Аудан халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады, – деді аудан әкімі.

Возможно, это изображение водонагреватель

Аталған жоба Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы аясында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылды. Нәтижесінде Жібек жолы ауылдық округіндегі 5 елді мекен толықтай орталықтандырылған ауыз сумен қамтылды. Пайдалануға берілген су жүйесі шамамен 16 мың абонентке сапалы ауыз су жеткізуге мүмкіндік береді. Құрылыс жұмыстарын «FS Development Group» ЖШС жүргізді.

Айта кетейік, бүгінде Сарыағаш ауданында 1 қала, 13 ауылдық округке қарасты 63 елді мекен бар. Оның ішінде бұған дейін 50 елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтылып, көрсеткіш 79,3 пайызды құраған болатын. Қазіргі таңда қалған 13 елді мекеннің 9-ында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, Жібек жолы ауылдық округіндегі 5 елді мекенге су берілді. Нәтижесінде аудан бойынша орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған елді мекендер саны 54-ке жетіп, жалпы көрсеткіш 85,7 пайызды құрады.

Возможно, это изображение дерево

Бұл бастама – халықтың тұрмыс сапасын арттыруға, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және елді мекендердің тұрақты дамуына бағытталған нақты қадамдардың бірі.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*