Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » САЙРАМДА АГРОСАЛА ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

САЙРАМДА АГРОСАЛА ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Сайрам ауданында ауыл шаруашылығы саласының мамандарына арналған «Алтын күз – 2025» мерекелік іс-шарасы өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған шарада ауданның агроөнеркәсіптік кешенінде аянбай еңбек етіп жүрген сала мамандарына ерекше құрмет көрсетілді.

Возможно, это изображение фрукт

Салтанатты жиында аудан әкімі Мадияр Оразалиев ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, бірқатар азаматтарға марапаттар табыстады.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес» деп, бұл салаға ерекше мән беріп келеді. Сондықтан өнімділікті арттыру және жаңа технологияларды енгізу бағытында Қытай, Түркия және Австралия елдерінің озық тәжірибелерін пайдалануымыз қажет. Табиғи мүмкіндігі мол, еңбек күші жеткілікті ауданымызда агросаланы дамытуға барлық жағдай бар. Алдағы бес жылда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемін 2,2 есеге арттыруды мақсат етіп отырмыз, – деді аудан әкімі.

Возможно, это изображение помост и текст

Іс-шара барысында ауыл шаруашылығы саласында жоғары нәтиже көрсеткен ауылдық округтер марапатталды. Нәтижесінде I орын – Қарабұлақ ауылдық округіне, II орын – Қарасу ауылдық округіне, ал III орын – Манкент ауылдық округіне бұйырды.

Сонымен қатар аудандағы ауыл шаруашылығы еңбеккерлері «Озаттар», Құрмет грамоталары және «Үздіктер» номинациялары бойынша марапаттарға ие болды. Салтанатты марапаттау рәсімінен кейін арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Айта кетейік, бүгінде Сайрам ауданында 9 мыңға жуық агроқұрылым жұмыс істейді. Бұл облыстық көрсеткіштің 10 пайызын құрайды. Облыста өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімінің 12 пайызы осы ауданның үлесінде. Өткен жылы 10 айдың қорытындысымен 124,5 млрд теңгенің өнімі өндірілсе, биыл бұл көрсеткіш 136,5 млрд теңгеге жеткен.

Возможно, это изображение танцы

Сондай-ақ «AGRO FEST – 2025» іс-шарасында Сайрам ауданы «Қайта өңдеу бағытын дамытуда озат аудан» атанып, жоғары бағаланды. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 7,7 млрд теңге инвестиция тартылып, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4 есеге артты. Ал тамақ өнеркәсібіне бағытталған инвестиция көлемі 9,2 млрд теңгені құрап, көрсеткіш 1,7 есеге өсті.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*