Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

ТҮРКІСТАНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров мәлімдеді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Возможно, это изображение отдел новостей и текст

Өңір басшысы өз сөзінде Мемлекет басшысының ауылды дамытуға басымдық беріп отырғанын атап өтіп, облыс халқының басым бөлігі ауылдық жерлерде тұратынын айтты.

– Мемлекет басшысы халқымыздың тамыры – ауылда екенін ерекше атап өтті. Түркістан облысы халқының 75 пайызы ауылдық жерлерде қоныстанған. Сондықтан өңірде ауыл инфрақұрылымын дамыту, тұрғындарды сапалы өмір сүру жағдайымен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр, – деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров.

Облыс бойынша бүгінде 2,1 миллион тұрғын, яғни халықтың 98,5 пайызы (763 елді мекен) орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Биыл қосымша 30 елді мекен ауыз су жүйесіне қосылып, 11 елді мекендегі тозығы жеткен су жүйелері толық жаңартылады. Жоспарға сәйкес, жыл соңына дейін өңірде ауыз сумен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетпек. Ал ауыз суды кестемен пайдаланатын 192 елді мекеннің мәселесі алдағы 3 жылда толық шешіледі деп жоспарланған.

Возможно, это изображение памятник

Табиғи газбен қамту бағытында да оң өзгерістер бар. Қазіргі таңда облыста 1 миллион 834 мың адам немесе 563 елді мекен газбен қамтылып, жалпы көрсеткіш 85,5 пайызды құрап отыр. Биыл қосымша 37 елді мекенге газ құбыры тартылып, нәтижесінде газбен қамтылған халық саны 1 миллион 900 мыңға немесе 88,9 пайызға жетпек. Газ желісі тартылған елді мекендер саны 600-ге жеткізіледі.

Сондай-ақ соңғы екі жылда 66 елді мекеннің электр жүйелері жаңғыртылып, тұрғындар сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді. Жол инфрақұрылымын дамыту бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Биыл облыс аумағында 289 нысанда, яғни 1 236 шақырым жолда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл қорытындысы бойынша 951,4 шақырым жол пайдалануға беріліп, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 94,7 пайызға жеткізілмек.

Возможно, это изображение огонь, нефтеперерабатывающий завод и текст

Бұл жұмыстар өңір тұрғындарының тұрмыс сапасын арттырып, ауыл мен қала арасындағы инфрақұрылымдық теңгерімді қамтамасыз етуге бағытталған.

© Jetpisbai.kz

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*