Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН АГРОСАЛАДА ЕЛДЕ КӨШ БАСТАДЫ

ТҮРКІСТАН АГРОСАЛАДА ЕЛДЕ КӨШ БАСТАДЫ

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров мәлімдеді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нет описания фото.

Облыс әкімінің айтуынша, өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мақсатында 2025–2027 жылдарға арналған инвестициялық жобаларды іске асырудың Жол картасы бекітілген. Аталған құжат аясында жалпы құны 295,5 млрд теңгені құрайтын 78 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Биыл 31 жоба көзделіп, бүгінгі күнге дейін 60,8 млрд теңгеге 27 жоба іске асырылып, 1030 жаңа жұмыс орны құрылған.

– Түркістан – ауыл шаруашылығын дамытуға өте қолайлы өңір. Біз өнімді тек шикізат күйінде сатумен шектелмей, терең өңдеуге басымдық беріп отырмыз. Заманауи технологиялар енгізіліп, кешенді жұмыстар атқарылуда. Соның нәтижесінде агроөнеркәсіп кешенінде тұрақты экономикалық өсім қамтамасыз етілді. Биылғы 10 айда ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 155,6 млрд теңге инвестиция тартылып, 1,1 есеге артты. Ал тамақ өндірісінің негізгі капиталына 31,5 млрд теңге инвестиция салынып, өсім 1,3 есені құрады, – деді Нұралхан Көшеров.

Қазіргі таңда облыста ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 355,5 млн АҚШ долларына жетіп, 1,1 есеге артқан. Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 182,5 млрд теңгеге ұлғайып, 1 трлн 86,9 млрд теңгеден асқан. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы республикада бірінші орында тұр.

Возможно, это изображение телевизор, отдел новостей и текст

Биыл өңірде ауыл шаруашылығы дақылдары 907 мың гектар жерге егілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 34 мың гектарға артық. Дала жұмыстарына қажетті жанар-жағармай, несиелік ресурстар, минералды тыңайтқыштар мен тұқымдар шаруаларға уақытылы жеткізілген. Нәтижесінде 695 мың тонна дәнді дақыл, 54 мың тонна майлы дақыл, 1,5 млн тонна көкөніс пен картоп, 1,7 млн тонна бақша өнімі, 5 млн тонна малазықтық дақыл және 428 мың тонна мақта жиналды.

Сонымен қатар облыста өнеркәсіптік жылыжай шаруашылығын дамыту қарқынды жүргізілуде. Биыл жылыжай алаңы 75 гектарға ұлғайып, жалпы көлемі 1715 гектарға жетті. Бұл республикадағы жалпы үлестің 76 пайызын құрайды. Жылыжайлардың бірінші айналымынан 102 мың тонна көкөніс өнімдері жиналған.

Алдағы жылы жылыжай көлемін қосымша 62 гектарға арттырып, республикадағы үлесін 80 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ Келес ауданында 500 гектар аумақта «Ecoculture Eurasia» ірі жылыжай кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Жоба іске қосылғанда жылына 240 мың тоннадан астам көкөніс өндіріліп, 7 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Биыл аталған жобаның алғашқы кезеңі пайдалануға берілмек.

Возможно, это изображение комбайн

Аталған көрсеткіштер Түркістан облысының агроөнеркәсіп саласында тұрақты даму жолына түскенін және өңірдің ел экономикасындағы жетекші рөлін айқын көрсетеді.

© Jetpisbai.kz

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*