Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » 10 АЙДА 1,2 ТРЛН ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

10 АЙДА 1,2 ТРЛН ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров мәлімдеді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Возможно, это изображение склад лесоматериалов и текст

Аймақ басшысының айтуынша, Түркістан облысында қолайлы инвестициялық климат қалыптасып, сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Инвесторлар үшін арнайы экономикалық және индустриалды аймақтарда дайын өндірістік алаңшалар қарастырылған.

– Мемлекет тарапынан барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, сондай-ақ салықтық жеңілдіктер ұсыну көзделген. Бұл инвесторлар үшін өңірдің тартымдылығын арттыра түседі, – деді Нұралхан Көшеров.

Өңірдің инвестициялық әлеуеті зерделеніп, облыс экономикасына тың серпін беретін жалпы құны 2,6 трлн теңгені құрайтын 111 инвестициялық жоба пулы әзірленген. Аталған жобаларда энергетика саласы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу негізгі басым бағыттар ретінде айқындалған. Бұл бастамалар жүзеге асқан жағдайда шамамен 24 мың жаңа жұмыс орны ашылып, бюджетке қосымша 100 млрд теңге салық түседі деп күтілуде.

Нет описания фото.

Биыл 340 млрд теңгеге 58 инвестициялық жобаны іске асырып, 8 220 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Ал 10 айдың қорытындысы бойынша 180 млрд теңгеге 41 жоба іске қосылып, 5 322 жаңа жұмыс орны құрылған.

Жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде биылғы 10 айда өңір экономикасына 1,2 трлн теңге инвестиция тартылып, өсім 124,2 пайызды құрады. Сонымен қатар шетелдік инвесторлармен келіссөздер тұрақты түрде жүргізіліп, жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталған жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Возможно, это изображение текст

Айта кетейік, Түркістан облысында инвестиция тарту және жаңа зауыт-фабрикаларды іске қосу арқылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге басымдық берілген.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*