Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласы, Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Марат Тәжібаев «SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығында көпбалалы аналармен және мұқтаж отбасыларымен кездесті.
Кездесуде бірқатар әлеуметтік мәселелер талқыланды. Көпбалалы аналарды толғандырған негізгі мәселенің бірі — атаулы әлеуметтік көмек алу және құжат өткізу болды. Онлайн құжат тапсыру аналар үшін қиындық тудырып отырғаны айтылды.
Мұнан бөлек, кездесуде 3 балалы отбасыларға да мемлекеттік бағдарламалармен үй кезегіне тұруға мүмкіндік берілсе деген ұсыныстар айтылды.
Жалпы кездесуде Орталық мамандары мен әкімдік қызметкерлері түйткілді мәселесі бар отбасылардың қиындығын шешуде кеңесіп, игі іске бірге жұмылуға уәделесті.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласында «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығы ашылған болатын.
Орталықтың басты мақсаты — аз қамтамасыз етілген отбасыларға және көп балалы аналарға кәсіпкерлік жөнінде бағыт — бағдар беру, қысқа мерзімді курстарға жіберу, жұмысқа бейімдеу, қаржылық сауаттылығын арттыру. Сонымен қатар, психологиялық, әлеуметтік және құқықтық кеңес беру.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*