Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАНДА ЗАМАНАУИ ЗАУЫТТАР ІСКЕ ҚОСЫЛЫП, ӨНЕРКӘСІП ӨНІМІ 1,3 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ

ТҮРКІСТАНДА ЗАМАНАУИ ЗАУЫТТАР ІСКЕ ҚОСЫЛЫП, ӨНЕРКӘСІП ӨНІМІ 1,3 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ

Түркістан облысында биыл халықаралық талаптарға сай заманауи өндіріс орындары іске қосылып, өңірдің индустриялық әлеуеті айтарлықтай артты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров мәлімдеді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz.

Возможно, это изображение нефтеперерабатывающий завод

Облыс әкімінің айтуынша, жыл басынан бері, яғни 10 айдың ішінде өнеркәсіп саласында жалпы құны 107 млрд теңгені құрайтын 22 жоба іске асырылып, 2 443 жаңа жұмыс орны ашылған. Бұл жобалар өңір экономикасының әртараптануына, өндірістік инфрақұрылымның жаңаруына және халықты тұрақты жұмыспен қамтуға оң ықпал етуде.

Маңызды әрі ірі жобалардың қатарында Созақ ауданында жүзеге асқан табиғи уран өңдеу кешенін атап өтуге болады. «Катко» ЖШС іске қосқан бұл жобаның құны 35 млрд теңгені құрап, 300 адамды жұмыспен қамтып отыр. Сондай-ақ Отырар ауданында «Kazakhstan Lihua» ЖШС тарапынан екі бірдей мақта өңдеу зауыты іске қосылып, 21 млрд теңге инвестиция тартылып, 960 жаңа жұмыс орны ашылды.

Түлкібас ауданында «Beibars Bottlers» ЖШС RC Cola брендімен түрлі түсті сусын шығаратын зауытты іске қосып, 9 млрд теңге инвестиция салды. Бұл кәсіпорында бүгінде 96 адам еңбек етуде. Ал Сайрам ауданында «KazEcoMeat» ЖШС заманауи ет комбинатын іске қосып, 8,5 млрд теңге инвестиция тартып, 150 адамды жұмыспен қамтыды. Ордабасы ауданында «Central Asia Aluminium» ЖШС алюминий бұйымдарын өндіретін зауыт ашып, 8 млрд теңге көлемінде инвестиция салып, 150 жаңа жұмыс орнын құрды.

Возможно, это изображение текст "D307 D30"

Өңірде өнеркәсіп саласындағы оң динамика жыл соңына дейін де жалғасын табады. Жыл соңына қарай қосымша 103,5 млрд теңгеге 8 жаңа өнеркәсіп жобасын іске қосу жоспарланып отыр.
– Президентіміз өз Жолдауында Орталық Азия елдерімен экономикалық байланысты күшейтуді тапсырған болатын. Көршілес Өзбекстанмен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде 100 гектар аумақта «Орталық Азия халықаралық кооперация орталығы» құрылды. Бұл нысан кеден бекетімен, заманауи қоймалармен және өндірістік ғимараттармен интеграцияланған ірі логистикалық орталық қызметін атқарады, – деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров.

Қазіргі таңда аталған орталықта 7 инвестор өз жобаларын жүзеге асыруға ниет білдіріп отыр. Нәтижесінде өңір экономикасына 185 млрд теңге инвестиция тартылып, 1 175 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Сонымен қатар бюджетке 355 млн теңге көлемінде қосымша салық түседі. Бүгінде орталық аумағында 8 өндірістік ғимарат пен ішкі инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Нысанды келесі жылы іске қосу жоспарланған.

Возможно, это изображение силосная яма и нефтеперерабатывающий завод

Жалпы, индустриалды аймақтардың, шағын өндірістік парктердің және арнайы экономикалық аймақтардың жұмысын жандандыру нәтижесінде Түркістан облысында 10 айдың қорытындысымен өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,3 трлн теңгеге жетіп, өсім деңгейі 113,4 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш өңірдің еліміздегі жетекші индустриялық аймақтардың біріне айналып келе жатқанын айғақтайды.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*