Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 152 МЛРД ТЕҢГЕГЕ 99 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 152 МЛРД ТЕҢГЕГЕ 99 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Түркістан облысындағы индустриалды аймақтарда өңір экономикасын әртараптандыруға, отандық өндірісті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған ауқымды жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров мәлімдеді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz.

Нет описания фото.

Облыс әкімінің айтуынша, Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында еліміздің жаңа экономикалық бағытын айқындап, экономиканы әртараптандыруға, жоғары технологиялық өндірістер мен инновациялық индустрияны дамытуға басымдық беруді тапсырған. Осы стратегиялық міндеттерге сәйкес Түркістан облысында индустрияландыру және инвестиция тарту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді.
– Өндірісті дамыту мақсатында өңірімізге сырттан келетін тауарларға жан-жақты талдау жүргіздік. Импорттың негізгі үлесі құрылыс материалдарына, жеңіл өнеркәсіпке, машина жасауға, химия өнеркәсібіне және тамақ өндірісіне тиесілі. Аталған бағыттар бойынша импорт көлемі 98 млрд теңгені құрайды. Бұл тауарларды облыс аумағында өндіруге толық мүмкіндігіміз бар. Осыған орай инвесторлармен келіссөздер жүргізіп, индустриалды және арнайы экономикалық аймақтардан дайын өндірістік алаңшалар ұсындық. Нәтижесінде бірқатар маңызды жобаларды іске асыруға қол жеткіздік. Қазір өңірде зауыттар мен кәсіпорындар саны артып келеді, – деді Нұралхан Көшеров.

Возможно, это изображение текст

Бүгінгі таңда Түркістан облысындағы 20 индустриалды аймақта жалпы құны 152 млрд теңгені құрайтын 99 инвестициялық жоба іске асырылуда. Бұл жобалар толық жүзеге асқанда 6 361 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Қазіргі кезеңде 39 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылып, 50 жоба пайдалануға берілді. Нәтижесінде 2 609 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

Сонымен қатар «Turan» арнайы экономикалық аймағында да ірі жобалар жүзеге асуда. Аталған аймақта жалпы құны 211,8 млрд теңгені құрайтын 28 ірі инвестициялық жоба қолға алынған. Бұл жобалар өңірдің экспорттық әлеуетін арттырып, жоғары қосылған құны бар өнімдер шығаруға бағытталған.

Возможно, это изображение текст

Айта кетейік, индустриалды аймақтар мен арнайы экономикалық аймақтарды дамыту – өңірге инвестиция тартудың, жаңа технологияларды енгізудің және кәсіпкерлік белсенділікті арттырудың тиімді тетігі. Бұл өз кезегінде Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*