Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫ АРАЛАП, БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫ АРАЛАП, БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, өңірдегі бірқатар өндіріс орындарының жұмысымен танысты. Іссапар барысында вице-министр облыстық әкімдік өкілдерімен бірге кәсіпорындарды аралап, бизнес қауымдастықпен ашық форматта пікір алмасты, деп хабарлайды Jetpisbai.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапардың басты мақсаты – өңірдегі инвестициялық климатты жақсарту, отандық өндірісті қолдау және кәсіпкерлердің өзекті мәселелерін талқылау. Осы ретте вице-министр ең алдымен «Turan» арнайы экономикалық аймағы мен индустриалды аймақта орналасқан бірқатар кәсіпорындардың қызметімен танысты.

Возможно, это изображение осветительное оборудование, автомобиль и текст

Атап айтқанда, Айдар Әбілдабеков «Kazakhstan Lihua» ЖШС жүзеге асырып жатқан ірі текстиль кластерінің жұмысын көрді. Жоба Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығын дамыту, өнімді терең өңдеу және қосылған құны жоғары тауарлар өндіру жөніндегі тапсырмалары аясында іске асырылуда. Кластер мақта өсіруден бастап дайын киім тігуге дейінгі толық өндірістік циклді қамтиды. Нәтижесінде Отырар ауданы мен Арыс қаласында 60 мың гектар суармалы алқапта Орталық Азиядағы ең ірі мақта өсіру кешенін құру жоспарланып отыр. Жоба іске асқанда 1,4 мыңнан астам тұрақты және 300-ден астам уақытша жұмыс орны ашылады.

Сондай-ақ вице-министр «ER-QAN GROUP» ЖШС-ның полиэтилен пакеттері мен пластик ыдыстар шығаратын өндірісімен танысты. Бұл кәсіпорын ішкі нарықты отандық өніммен қамтуға және импортқа тәуелділікті азайтуға бағытталған.

Іссапар барысында Айдар Әбілдабеков Сауран ауданындағы өндірістік аймаққа барып, өнеркәсіптік тоңазытқыштар шығаратын «UBC Group» ЖШС мен пластмасса бұйымдарын өндіретін «Сауран Пласт» ЖШС-ның жұмысын көрді. Кәсіпорын басшыларымен кездесуде өндірісті кеңейту, экспорттық әлеуетті арттыру және мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдалану мәселелері талқыланды.

Бұдан бөлек, вице-министр Түркістан қаласындағы «Turan mall» көпсалалы кешенінде болып, сауда және қызмет көрсету саласының дамуымен танысты.

Екі күндік жұмыс сапарының қорытындысында облыс орталығында ірі импорттаушылар мен сауда саласында қызмет ететін кәсіпкерлермен арнайы кездесу өтті. «Ұлы дала елі» орталығында ұйымдастырылған жиынға 100-ден астам бизнес өкілі қатысып, саладағы түйткілді мәселелер көтерілді. Кәсіпкерлер вице-министрге өз ұсыныстарын тікелей жеткізіп, нақты сұрақтарына жауап алды.

Возможно, это изображение склад лесоматериалов

Сапар соңында Айдар Әбілдабеков Ордабасы ауданындағы индустриалды аймақта болып, «Altyn Bricks» ЖШС-ның құрылыс материалдарын өндіру жобасымен және «Central Asia Aluminum» ЖШС-ның алюминий өнімдерін шығаратын кәсіпорнымен танысты. Бұл жобалар өңірде құрылыс индустриясын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және жергілікті экономиканың өсуіне серпін бермек.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*