Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮЛКІБАСТА ЖАҢА ТУРИСТІК КЕШЕН САЛЫНУДА

ТҮЛКІБАСТА ЖАҢА ТУРИСТІК КЕШЕН САЛЫНУДА

Түлкібас ауданында туризм саласы қарқынды дамып келеді. Бүгінде Жаскешу ауылдық округіне қарасты Пістелі ауылында «Saumal DE Lux» туристік-сауықтыру кешені бой көтеруде , – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кешеннің негізгі бағыты – саумалмен емдеу, жылқы туризмі, табиғат аясында серуендеу, сондай-ақ ұлттық тағамдарды, соның ішінде таба нан мен қолдың майын дайындау дәстүрін жандандыру. Жоба өңірдің табиғи әлеуетін тиімді пайдаланып, экотуризм мен этнотуризмді қатар дамытуға бағытталған.

Возможно, это изображение один или несколько человек

Аудан әкімі Асқар Естібаев аталған нысанның құрылыс барысымен танысып, жұмыс барысын бақылады. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 80 пайызы аяқталған. Жоба 2026-2027 жылдар аралығында 3 кезеңмен жүзеге асады.

Кешеннің бірінші кезеңі 2026 жылы іске асырылып, жалпы ауданы 1280 шаршы метрді құрайтын заманауи қонақ үй, мейрамхана, жазғы алаңша және әрқайсысының аумағы 160 шаршы метр болатын 3 бірегей типтегі коттедж қонақтарға қызмет көрсетеді.

Ал екінші кезеңде (2026-2027 жылдары) заманауи спорт кешені, жазғы бассейн, 10 глемпинг, 5 киіз үй салу жоспарланған. Сонымен қатар балық шаруашылығын дамыту, Көкбұлақ өзені үстінен 2 аспалы көпір салу және тау бөктерінде ұзындығы 1,5 шақырымды құрайтын жаяу жүргіншілер жолын жасау көзделіп отыр.

Нет описания фото.

Кешеннің алғашқы кезеңін 2026 жылдың наурыз айының екінші жартысында ашу жоспарланған. Жоба іске қосылған соң жаңа жұмыс орындары құрылып, ішкі туризмнің дамуына серпін беріп, аудан экономикасының өсуіне оң ықпал етпек. Табиғи, сауықтыру және этномәдени бағыттарды біріктірген бұл кешен Түлкібастың туристік тартымдылығын арттыратын маңызды нысандардың біріне айналуы күтілуде.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*