Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАНДА «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

ТҮРКІСТАНДА «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Түркістан облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кезекті мәжілісі өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жиынды партияның облыстық филиалының төрағасы, фракция жетекшісі Алтынсары Үмбеталиев ашып, жүргізді. Күн тәртібінде «AMANAT» партиясының Түркістан облысы бойынша 2023–2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыруға бағытталған Жол картасының орындалу барысы, орындалмай қалу қаупі бар нысандар және партия жанындағы «Әйелдер қанаты» облыстық филиалының атқарған жұмыстары талқыланды. Сонымен қатар әйелдер көшбасшылығын ілгерілету мәселелері көтеріліп, нақты ұсыныстар айтылды.

Возможно, это изображение текст

Жиынға қатысқан Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Жол картасының орындалу барысына жан-жақты тоқталды. Оның айтуынша, 2023–2027 жылдарға арналған Жол картасына облыс үшін маңызды іс-шаралар енгізіліп, оларды жүзеге асыруға жалпы 3 трлн теңге қаралған. 2025 жылға жоспарланған 121 іс-шараның 11 ай қорытындысымен 77-сі толық орындалып, 30-ы іске асырылу үстінде.

Облыс әкімі ауыл шаруашылығы өңір экономикасының негізгі тірегі екенін атап өтіп, жыл басынан бері өндірілген өнім көлемі 1,2 трлн теңгеге жеткенін, өсім 101,2 пайызды құрағанын жеткізді. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы республикада көш бастап отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес экономиканы әртараптандыру және қайта өңдеу саласын дамыту мақсатында облыста мақта-тоқыма, ет және жүгері кластерлері қолға алынған.

Мақта-тоқыма кластері аясында 5 жоба іске асырылып, 7 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады, 201 млрд теңге инвестиция тартылады. Мақта өнімділігі 2–3 есеге артып, 60 центнерге дейін жетеді. Жүгері кластері бойынша Шардара ауданында «Казкрахмал» зауытының құрылысы биыл аяқталып, 251 жаңа жұмыс орны ашылады. Ал ет кластері аясында 50 млрд теңгені құрайтын 7 жоба жүзеге асырылып, 802 адам жұмыспен қамтылмақ.

Сонымен қатар «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 2023–2025 жылдары республикалық бюджеттен 25,6 млрд теңгеге 3750 жоба қаржыландырылып, нәтижесінде 39 қайта өңдеу кәсіпорны ашылды, 477 жылыжай салынды. Бұл шағын кәсіпкерліктің дамуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына серпін берді.

Өңірде әлеуметтік сала да назардан тыс қалмаған. «Келешек мектептері» жобасы аясында 29 мектептің құрылысы жоспарланып, бүгінде оның 28-і пайдалануға берілді. Денсаулық сақтау саласында ауылдарда 34 жаңа медициналық ғимарат салынды, материалдық-техникалық қамтылу деңгейі 84,7 пайызға жетті. Мәдениет саласында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында бірқатар мәдени нысандардың құрылысы жүріп жатыр.

Жиын барысында «AMANAT» партиясы жанындағы Әйелдер қанатының Түркістан облыстық филиалының жетекшісі Қалыйма Жантөреева атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, әйелдердің көшбасшылығын дамытуға бағытталған ұсыныстарын ортаға салды. Ал партия хатшысы, Әйелдер қанатының жетекшісі Шолпан Каринова гендерлік теңдікті нығайту және әйелдердің қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуын арттыру бағытындағы бастамаларға тоқталды.

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и помост

Мәжіліс қорытындысында Түркістан облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарының қаулы жобасы қабылданды.

 

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*