Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАНДА «БӨРТЕ» ӘЙЕЛДЕР САЯСИ КӨШБАСШЫЛЫҚ МЕКТЕБІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА «БӨРТЕ» ӘЙЕЛДЕР САЯСИ КӨШБАСШЫЛЫҚ МЕКТЕБІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Түркістан қаласында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының бастамасымен «Бөрте» әйелдердің саяси көшбасшылық мектебі ашылды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл жоба – әйелдер мен қыз-келіншектердің бастамашылдығын қолдауға, олардың қоғамдық-саяси белсенділігін арттыруға бағытталған маңызды алаң.

Возможно, это изображение один или несколько человек и люди учатся

Салтанатты ашылу рәсіміне «AMANAT» партиясының хатшысы, Әйелдер қанатының төрайымы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі Шолпан Каринова, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттағы фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев қатысып, ізгі тілектерін білдірді.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев «Бөрте» саяси көшбасшылық мектебінің ашылуы қоғамдағы әйелдердің рөлін арттыруға және олардың көшбасшылық әлеуетін дамытуға бағытталған тағылымды бастама екенін атап өтті.
– Бүгін ашылып отырған «Бөрте» саяси мектебінен білім алған әйелдер елдік мүддені алға қоятын, қоғам дамуына нақты үлес қосатын көшбасшылар боларына сенім мол. Бұл мектептен түлеп ұшқан қыз-келіншектер болашақта мемлекеттік қызметте, қоғамдық-саяси салада, кәсіпкерлік пен әлеуметтік бастамаларда үлгі болады деп сенеміз, – деді ол.

Іс-шараға аудан, қала деңгейіндегі партия филиалдарының Әйелдер қанатының жетекшілері, белсенді мүшелері, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және әлеуметтік салаларда еңбек етіп жүрген қоғам белсенділері, халық сеніміне ие әйел депутаттар, сондай-ақ облыстық Әйелдер қанатының 10 бағыт бойынша бекітілген жетекшілері қатысты. Жалпы қатысушылар саны 200-ге жуықтады.

Возможно, это изображение один или несколько человек и отдел новостей

Шара барысында Шолпан Каринова гендерлік саясатты жетілдіру жөніндегі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ұсыныстарын, халықаралық сараптамалық орталықтардың бағалауларын, БҰҰ Даму бағдарламасы мен «БҰҰ-Әйелдер» құрылымының Қазақстан бойынша жүргізген кешенді зерттеу нәтижелерін кеңінен таныстырды. Сонымен қатар гендерлік алшақтық индексі, әйелдердің Парламент пен мәслихаттардағы үлесі, «AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының миссиясы мен мақсаттары, «Tomiris» және «Әйел аманаты» жобаларының негізгі бағыттары қамтылды.

Алғашқы дәрістерде қатысушылар саяси көшбасшылықтың негіздері, қоғамдық коммуникация, стратегиялық ойлау, шешім қабылдау мәдениеті, партиялық және ақпараттық жұмыс, мемлекеттік басқарудың заманауи талаптары бойынша жан-жақты білім алды.

Айта кетейік, Түркістан облысында әйелдер жалпы халықтың 49 пайызын құрайды. Биылғы жылдың 10 айында өңірде 38 мың сәби дүниеге келген. Қазіргі таңда облыста 185 мыңнан астам көпбалалы ана бар. Оның ішінде 18 мыңнан астамы – «Алтын алқа», 43 мыңнан астамы – «Күміс алқа» иегері. Өңірде 212 мыңнан астам кәсіпкер болса, оның 42 пайыздан астамын әйелдер құрайды. Сондай-ақ облыстағы 5611 мемлекеттік қызметшінің 1572-сі – нәзік жандылар, олардың 233-і басшылық қызметте еңбек етуде.

Возможно, это изображение помост и текст "AMANAT"

Жаңа ашылған «Бөрте» әйелдер саяси көшбасшылық мектебі алдағы уақытта өңірдегі әйелдердің қоғамдық-саяси белсенділігін арттырып, білікті әрі жауапты көшбасшыларды қалыптастыруға өз үлесін қоспақ.

© Jetpisbai.kz

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*