Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » САЙРАМДА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

САЙРАМДА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Сайрам ауданына қарасты ауылдық аймақ тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімді әрі жедел көрсетілуін қамтамасыз ету мақсатында тағы бір маңызды әлеуметтік жоба жүзеге асты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тәуелсіздік күні қарсаңында Қарамұрт елді мекенінде «Азия Фаворит» медициналық орталығы салтанатты түрде пайдалануға берілді. Аталған орталықта тұрғындар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында тегін медициналық қызмет ала алады.

Возможно, это изображение больница и текст

Медициналық орталықтың ашылу рәсіміне Сайрам ауданының әкімі Мадияр Оразалиев қатысып, ауыл халқы үшін іске асырылып жатқан әлеуметтік маңызы бар жобалардың елдің өмір сапасын арттырудағы рөлін атап өтті.
– Мемлекет басшысы өз Жолдауларында халық денсаулығын сақтау, медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі екенін үнемі айтып келеді. Осы бағытта ауылдық елді мекендерде заманауи медициналық нысандардың ашылуы – тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған нақты қадам, – деді аудан әкімі.

Возможно, это изображение один или несколько человек и больница

Жаңа медициналық орталықтың құрылысы биылғы жылдың маусым айында басталып, қараша айында толық аяқталған. Екі қабатты ғимараттың жалпы аумағы 480 шаршы метрді құрайды. Қазіргі таңда орталықта 17 маман қызмет көрсетуде. Оның ішінде 5 дәрігер мен 12 орта буын медицина қызметкері бар. Медициналық мекемеде педиатр, жалпы тәжірибелі дәрігер, акушер-гинеколог және ультрадыбыстық зерттеу (УЗИ) дәрігері қабылдау жүргізеді.

Возможно, это изображение измерительный стержень и текст

Аталған жобаның іске асырылуы ауыл тұрғындары үшін медициналық қызметтің қолжетімділігін айтарлықтай арттырып, сапалы әрі уақытылы көмек алуға мүмкіндік беріп отыр. Енді тұрғындар аудан орталығына сабылмай-ақ, қажетті медициналық тексерулер мен кеңестерді өз ауылында ала алады. Бұл өз кезегінде халық денсаулығын нығайтуға және ауылдық жерлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға оң әсерін тигізеді.

© Jetpisbai.kz

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*