Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАНДА ОҚУШЫЛАР ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АРҚЫЛЫ КИІМНІҢ 3D МОДЕЛІН ЖАСАЙДЫ

ТҮРКІСТАНДА ОҚУШЫЛАР ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АРҚЫЛЫ КИІМНІҢ 3D МОДЕЛІН ЖАСАЙДЫ

Қазіргі білім беру кеңістігінде цифрлық технологияларды тиімді пайдалану оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашып қана қоймай, оларды нақты өндірістік дағдылармен қаруландыруға жол ашады. Осы бағытта Түркістан қаласындағы №34 жалпы білім беретін мектепте жасанды интеллект көмегімен 3D модельдеу мен тігін шеберханасын біріктіретін тың оқу жобасы іске қосылды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Возможно, это изображение текст "Z VON VI CPLASPORO PUS 30 3D 30 PRINTING RINTING RINTINGNT G TING NT FIL FILI FILAMENT" MENT C Pro venturer S 7 FLASHFORGE FLAS"

Жоба аясында оқушылар жасанды интеллект негізіндегі арнайы бағдарламалар арқылы киім бөлшектерінің 3D моделін әзірлейді. Дайын сандық макеттер 3D принтерге жіберіліп, нәтижесінде лекалолар мен трафареттер басып шығарылады. Бұл тәсіл дәстүрлі лекало дайындау үдерісін жеңілдетіп қана қоймай, оның дәлдігі мен тиімділігін айтарлықтай арттырады.

Алынған 3D трафареттер көркем еңбек сабақтарында оқу құралы ретінде қолданылады. Оқушылар бұйымның құрылымын, пішінін және өлшемдік пропорцияларын тереңірек меңгереді. Кейін осы трафареттер тігін шеберханасына жолданып, оқушылар нақты матамен жұмыс істеп, дайын бұйымдарды тігуге кіріседі.

Аталған жобаның басты мақсаты цифрлық технологияларды тәжірибелік оқытумен ұштастыра отырып, оқушылардың дизайнерлік ойлауын, инженерлік қабілеттерін дамыту және тігін ісіне деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Сонымен бірге бұл бастама оқушыларды заманауи өндіріс талаптарымен таныстырып қана қоймай, болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыттайды.

Возможно, это изображение текст

Жаңа жоба алдағы уақытта мектептің STEAM бағытын кеңейтіп, жас ұрпақты инновациялық технологиялармен жұмыс істеуге ынталандыратын маңызды бастамаға айналады деп сенеміз.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*