Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ОТЫРАРДА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ 100 МЫҢ КӨШЕТ ЕГУГЕ НИЕТТІ

ОТЫРАРДА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ 100 МЫҢ КӨШЕТ ЕГУГЕ НИЕТТІ

Отырар ауданында туған жерді түлетуге бағытталған тағылымды бастама жүзеге аса бастады. Көксарай ауылында жастардан бастап жасы 70-ке келген қарияларға дейін ауылды көркейту ісіне бір кісідей жұмылып, елді мекеннің экологиялық ахуалын жақсартуға атсалысуда , – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазіргі таңда ауылға кіреберістегі күре жол бойына көшет отырғызылып, қоршау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар ішкі көшелерді көгалдандыру да жүйелі түрде қолға алынған.

Возможно, это изображение комбайн

Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Ұзақов аталған жұмыстардың барысымен арнайы танысып, ауыл тұрғындарымен бірге көшет екті. Аудан басшысы тұрғындардың белсенділігі мен ұйымшылдығын жоғары бағалап, олардың туған жерді абаттандыруға қосып жатқан үлесі өзге елді мекендерге үлгі екенін атап өтті.

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жүзеге асырылып келеді. Аудан көлемінде тұрақты түрде сенбіліктер ұйымдастырылып, тұрғындар тазалық пен көгалдандыруға ерекше мән беруде. Көксарай ауылында бастау алған бұл бастама халықты ортақ мақсатқа біріктіріп, өзара ынтымақтастық пен жауапкершілікті арттырады. Мұндай игі істер алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады, – деді Қайрат Жолдыбайұлы.

Шараға ауыл ақсақалдары, жастар мен белсенді азаматтар қатысып, бірлескен еңбектің нәтижесінде ауылдың келбеті жаңарып, жасыл желекке бөленетініне сенім білдірді.

Нет описания фото.

Қоғамдық шара аясында жалпы 15 шақырым аумақ қоршалып, ауыл тұрғындарының ұйымдасуымен 8 мыңға жуық түрлі көшет егілді. Игі бастама алдағы жылдары да жалғасын тауып, екі жыл ішінде егілген көшеттердің санын 100 мыңға жеткізу жоспарланып отыр.

 

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*