Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ИНВЕСТ ЖОБАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ИНВЕСТ ЖОБАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Ауданға инвестиция тарту, жаңа жобаларды жүзеге асыру арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың тапсырмасы аясында Жетісай ауданында аумағы 59 гектарды құрайтын «Жетісай» өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ пен 1 гектар жерге өндірістік парк құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі.

Возможно, это изображение телевизор и текст "ЖeTиcaй ЖeTcaйayAaHbl AyAaHbl m00 CaKe Assylzhan AssylzhanMirzaliyev Assyl Mirzaliyev FakyrullahGorkemoglu Fakurullah Gorkemoglu nPo6ЛEmHble nPo6лemHblEBonPocb BOnPOCbl Tpe6yeTca Heu nemeune DUG nлA S Umed Aslanov"

Осыған орай аудан басшысы Серік Үсенұлы Мамытов аталмыш аймақтардың инвесторларымен арнайы кездесу өткізіп, іске асырылып жатқан жобалардың барысын жан-жақты талқылады. Кездесу барысында атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы кезеңге арналған нақты жоспарлар пысықталды. Инвесторлар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлерге жауапты сала басшылары тиісті түсіндірмелер берді.

Аудан әкімдігі тарапынан әлеуетті жобаларды іске асыруға ынталы инвесторлармен жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде бүгінде индустриялық аймақта жалпы құны 31,2 млрд теңгені құрайтын 9 ірі жоба жүзеге асырылмақ. Олардың қатарында сүт өңдеу зауыты, мақта өңдеу зауыты, жіп иіру фабрикасы, су үнемдеу жабдықтарын өндіру кәсіпорны, полиэтилен қалдықтарын қайта өңдеу зауыттары бар. Ал өндірістік парк аумағында құны 210 млн теңгені құрайтын түйіршіктелген құрама жем өндіру, темір бұйымдарын дәнекерлеу, құрғақ құрылыс қоспаларын шығару, құрғақ және сұйық жуғыш заттар, кір сабын мен сусабын, әжетхана қағазы мен майлықтар өндіретін 5 өндіріс орнын іске қосу жоспарланған.

Возможно, это изображение один или несколько человек и отдел новостей

Аталған жобалар толық іске асқан жағдайда 1200-ге жуық тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Бұл өз кезегінде аудан халқының әлеуметтік жағдайын жақсартуға, табыс көзін арттыруға және жастарды жұмыспен қамтуға оң әсерін тигізбек.

– Біздің ауданымыз егін және мал шаруашылығы жақсы дамыған өңір. Сондықтан алдағы уақытта іске қосылатын зауыттар мен өндіріс орындары жергілікті шикізатпен тұрақты қамтамасыз етіледі деп сенеміз. Өңір басшысының бастамасымен қолға алынған бұл жобалар арқылы ауданда кәсіпкерлікті дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашып, халықтың әлеуметтік ахуалын жақсартуға нақты қадам жасаймыз, – деді аудан басшысы Серік Үсенұлы Мамытов.

Возможно, это изображение отдел новостей и текст

Айта кетейік, соңғы 30 жылда ірі өндіріс орындары салынбаған Жетісай ауданында алғаш рет іске қосылғалы тұрған бұл зауыттар аудан экономикасына тың серпін беріп, мақталы өлкенің индустриялық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. 2020 жылдан бері ауданға 90,2 млрд теңге инвестиция тартылса, бұл көрсеткішті 2030 жылға қарай 419,6 млрд теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*