Облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлының тапсырмасымен дін істері басқармасының ұйымдастыруымен облыс орталығында «Достық үйінде» «Үздік ақпараттық-түсіндіру тобы-2025» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатты іс-шарасы өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі.

Іс-шараның мақсаты – өңірдегі діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етуге және мемлекеттің дін саласындағы саясатын іске асыруға елеулі үлес қосқан тұлғалардың еңбегін бағалау. Марапат иелері ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігіне, қоғамда дәстүрлі құндылықтарды насихаттауға, сондай-ақ діни тұрақтылықты нығайтуға өздерінің кәсіби үлесін қосты.
Шара барысында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Алтаев Ертай Кенжебекұлы құттықтау сөз сөйлеп, дін саласындағы маңызды жұмыстарға тоқталды. Ол ақпараттық-түсіндіру топтарының қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтаудағы рөліне ерекше назар аударып, атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.
Шара аясында дін саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асырып, белсенді жұмыс атқарған қала және аудан әкімдіктері марапатталды. Жыл бойы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі, сапалы және нәтижелі түрде атқарған өңір әкімдіктері арнайы марапаттарға ие болды.

Соның ішінде: «Үздік дін маманы» номинациясымен Кентау қаласы ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ж. Аринова және «Үздік руханият орталығы» номинациясымен Кентау қалалық Руханият орталығы марапатталды.

Әр номинация жеңімпаздарына қаржылай сыйлықтар мен дипломдар табысталып, олардың дін саласындағы жауапты әрі жүйелі еңбегі жоғары бағаланды. Бұл жетістік Кентау қаласында рухани-идеологиялық жұмыстардың тұрақты жүргізіліп, мемлекеттік саясаттың тиімді іске асырылып жатқанын көрсетеді.
© Jetpisbai.kz
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары