Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2025» МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2025» МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

Сарыағаш ауданында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай, «Алтын күз-2025» мерекесі салтанатты түрде аталып өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі.

Жиынға аудан әкімі Арман Абдуллаев, Түркістан облыстық мәслихат депутаты Қайрат Салыбеков, аудандық мәслихаттың төрағасы Рысбек Асылбекұлы, сала мамандары, ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері және аудан тұрғындары қатысты.

Күзгі жиын-терім науқанының қорытынды көрсеткіші айқындалатын мерекеде аудан әкімі Арман Абдуллаев құттықтау сөз сөйлеп, жыл бойы адал еңбегімен өз саласында жетістікке жеткен, мол өнім алып ауылдастарға үлгі болған үздік шаруа қожалықтарын, үздік ауылдық округ әкімдерін және үздік сала мамандарын марапаттады.

Возможно, это изображение Овальный кабинет и помост

– Құрметті ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері, құрметті қонақтар, ауыл ардагерлері! Сіздерді бүгінгі ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің «Алтын күз-2025» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Сарыағаш – ауыл шаруашылығы дамып келе жатқан аграрлы аудан. Ауданымыз аграрлы аудан болғандықтан экономикамыздың қозғаушы күші мен табыс көзі де ауыл шаруашылығы саласы. Халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуы ауыл шаруашылығының дамуымен тығыз байланысты болса, сіздердің еңбектеріңіздің арқасында ауданның агроөнеркәсіп кешені тұрақты дамып келеді. Ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы кез-келген жетістігі шаруалардың, диқандардың адал еңбектерінің және мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларының арқасы деуге болады, – деді аудан басшысы.

Сондай-ақ, аудандық мәслихат депутаты Рысбек Асылбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар азаматтарға алғыс хат табыс етті. Түркістан облыстық мәслихат депутаты Қайрат Салыбеков сала қызметкерлеріне «Ауыл» партиясының арнайы мерекелік төсбелгісін табыстады.

Салтанатты іс-шара соңы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, мерекелік көңіл-күйді одан әрі арттыра түсті.

Возможно, это изображение текст "иHcneK ATR ር ー M 原 -aTE ALTYN 2្ KOKA yblpR aK CblйлblH CepTифиKaTbl HифиKaжbl WAHCOPrblW mm mжл"

Айта кетейік, ерте көктемнен қара күзге дейін дала төсінде маңдай терін төгіп, еңбек еткен жергілікті диқан қауымының өнімдері мен ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген кәсіп иелерінің азық-түлік жәрмеңкесі мерекелік шара алдында ұйымдастырылып, тұрғындар мен қонақтардың үлкен қызығушылығын тудырды. Бұл жәрмеңке ауданның аграрлық әлеуетін айқындап, жергілікті өнімдердің сапасын кеңінен танытуға мүмкіндік берді.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*