Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: СПОРТТЫҚ САЙЫСТАР ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: СПОРТТЫҚ САЙЫСТАР ӨТТІ

«6 желтоқсан – Прокуратура қызметкерлері күніне» орай Сарыағаш ауданында мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында дәстүрлі спорттық сайыстар ұйымдастырылды,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Аталған іс-шара жыл сайын жақсы дәстүрге айналып, сала қызметкерлерінің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті.

Возможно, это изображение текст

Жарысқа аудан аумағындағы бірнеше мекеменің командалары қатысып, түрлі спорт түрлері бойынша өз шеберліктері мен командалық бірліктерін көрсетті. Сайыс барысында қатысушылар тек спорттық дайындықтарын ғана емес, өзара ұйымшылдық пен достық қарым-қатынасты да айқын көрсете білді.

Жоғары деңгейде өткен кіші футбол бәсекесінде командалар тартысты ойын өрнегін танытты. Әр кездесу жанкүйерлер үшін қызықты әрі тартысқа толы болды. Жарыс қорытындысы бойынша:
• 1-орын – Сарыағаш ауданы әкімі аппараты командасы,
• 2-орын – Аудандық полиция басқарма командасы,
• 3-орын – «Қырандар» командасы.

Сонымен қатар, қатысушылардың күш-жігері мен төзімділігі сыналған арқан тарту сайысы да ерекше қызығушылық тудырды. Бұл спорт түрінде командалық бірлік пен үйлесімділік басты рөл атқарды. Нәтижесінде:
• 1-орын – Аудандық полиция басқарма командасы,
• 2-орын – Төтенше жағдайлар басқармасының командасы,
• 3-орын – Сарыағаш ауданы әкімі аппараты командасы иеленді.

Сондай-ақ, жекелей күш сынасуға бағытталған қол күресі сайысында қатысушылар өз салмақ дәрежелері бойынша бақ сынап, жүлделі орындар анықталды. Бұл бәсекеде де спортшылар жоғары дайындық пен қайсар мінез таныта білді.

Жарыс қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы марапаттармен және алғыс хаттармен марапатталып, ұйымдастырушылар тарапынан лайықты құрметке ие болды.

Возможно, это изображение баскетбол и текст

Айта кетсек, іс-шараның мақсаты – құқық қорғау саласы қызметкерлерінің өзара ынтымақтастығын арттыру, заң мен тәртіпті құрметтеу мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау болды. Мұндай спорттық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп күтілуде.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*