Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен кезекті апталық аппараттық мәжіліс өтті,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Жиын ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын жүйелі түрде бақылауға және жоспарланған міндеттердің орындалу барысын саралауға бағытталды.

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

Жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер қаралып, жауапты бөлім басшыларының есептері тыңдалды. Күн тәртібіндегі мәселелер аудан дамуының негізгі бағыттарын қамтып, нақты көрсеткіштерге талдау жасалды.

Аудан әкімі мәжіліс басында:
«Әрбір көрсеткіш – біздің жұмысымыздың нақты нәтижесі. Жыл соңына дейін жоспарланған міндеттердің толық орындалуын қамтамасыз ету – бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз. Сондықтан әр сала басшысы жұмысты нақты мерзіммен және сапамен атқаруы тиіс», – деп атап өтті.

Возможно, это изображение один или несколько человек

Алғашқы мәселе ретінде жыл қорытындысы бойынша индикаторлық жоспардың орындалуы және бюджеттің игерілуі туралы ақпарат тыңдалды. Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс Мырзахметов атқарылған жұмыстар мен ағымдағы көрсеткіштер жөнінде баяндама жасап, жыл соңына дейін орындалуы тиіс міндеттерге тоқталды. Сонымен қатар, бірқатар бағыттарда қосымша шаралардың қажет екенін атап өтті.

Келесі кезекте Отбасының цифрлық картасы ақпараттық жүйесіндегі Д және Е санатындағы отбасылар санын төмендету және МӘМС жүйесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар қаралды. Бұл бағытта көрсеткіштерді жақсарту және әлеуметтік қолдаудың тиімділігін арттыру мәселелері сөз болды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дәуірхан Асылбек әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылармен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндап, көрсеткіштерді жақсартуға бағытталған жоспарларымен бөлісті.

Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының орындалуы туралы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қанағат Асылбек баяндап, санитарлық тазалық бағытында атқарылып жатқан шараларды таныстырды. Аталған акцияның аудан аумағындағы экологиялық ахуалды жақсартудағы маңызы атап өтілді.

Возможно, это изображение один или несколько человек

Мәжіліс соңында аудан әкімі барлық жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктеп, жұмыстарды бақылау мен сапаны арттыруды талап етті:
«Біз аудан дамуы үшін маңызды кезеңге келдік. Жоспардың әр тармағы нақты орындалуға тиіс», – деді.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*