Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІНЕ САЙ БЕЗЕНДІРІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІНЕ САЙ БЕЗЕНДІРІЛДІ

Келес ауданындағы білім беру ұйымдарында 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар ұйымдастырылып, оқу кабинеттері мерекелік безендірілуде,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Бұл бастамалар жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезім мен ұлттық рухты сіңіруге бағытталған.

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и текст

Соның жарқын үлгісі ретінде Келес ауданы білім бөліміне қарасты №9 «Көлтоған» жалпы білім беретін мектебін атап өтуге болады. Аталған мектептің 6 «ә» сыныбының сынып жетекшісі Рахым Абылай Қуанышұлының бастамасымен оқу кабинеті Тәуелсіздік күніне орай ерекше безендірілді. Кабинетке Қазақстан Республикасының үлкен көк туы ілініп, тәуелсіз елдің нышандары көрнекі түрде орналастырылған. Сонымен қатар, тарихи деректер, нақыл сөздер мен мемлекеттік рәміздерге қатысты ақпараттық бұрыштар жасақталып, оқу кеңістігі мазмұнды түрде толықтырылған.

— Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы аңсаған асыл арманы, халқымыздың ең қастерлі құндылығы. Бүгінгі жас ұрпақ сол егемен елдің ертеңі, тәуелсіздіктің тұғырын биік ұстайтын азаматтар. Осы орайда оқу кабинетін Тәуелсіздік күніне орай безендіру арқылы оқушылардың бойына елге деген сүйіспеншілік, мемлекеттік рәміздерге құрмет, отансүйгіштік рухты қалыптастыруды мақсат еттік, – дейді сынып жетекшісі Абылай Рахым.

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся, стол и текст

Сонымен қатар, мерекелік безендіру аясында сыныпта патриоттық бағыттағы тәрбие сағаттары, тәуелсіздік тарихына арналған танымдық әңгімелер мен шығармашылық тапсырмалар ұйымдастырылды. Оқушылар мемлекеттік мерекенің мән-маңызы туралы ой бөлісіп, еліміздің жетістіктері мен болашағы жайлы пікір алмасты. Мұндай іс-шаралар балалардың таным көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, ел тағдырына бейжай қарамайтын саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся, детская игрушка и текст

Аудан мектептерінде өтіп жатқан бұл игі іс-шаралар Тәуелсіздік мерекесінің маңызын жас ұрпаққа терең түсіндіруге, олардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге зор үлес қосуда.

 

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*