Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: МИНЕРАЛДЫ СУСЫНДАР ӨНДІРІСІ БАСТАЛАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: МИНЕРАЛДЫ СУСЫНДАР ӨНДІРІСІ БАСТАЛАДЫ

Келес ауданының Жүзімдік елді мекенінде жүзеге асырылып жатқан минералды су зауытының құрылыс барысын бақылау және жобаны пысықтау мақсатында Келес ауданы әкімінің орынбасары Сүлеймен Жылқыбаев өндіріс орнына арнайы барып, нысанның қазіргі жағдайымен танысты,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Сапар барысында инвесторлар тарапынан жобаның жауапты өкілі Төлеби Махамбетұлы атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы жан-жақты мәлімет берді.

Возможно, это изображение турникет и текст

Кездесу кезінде зауыт құрылысының барысы талқыланып, жобаның алдағы кезеңдері нақтыланды. Қазіргі таңда өндіріс орнының құрылыс жұмыстары толық аяқталып, заманауи технологиялық қондырғылар зауыт аумағына жеткізілген. Бүгінде мамандар құрал-жабдықтарды монтаждау және іске қосу алдындағы дайындық жұмыстарын жүргізуде. Ал қондырғыларды орнату үшін Қытай Халық Республикасынан арнайы мамандардың келуі күтілуде.

Келес ауданы әкімінің орынбасары Сүлеймен Нұрланұлы аталған жобаның өңір үшін маңыздылығын ерекше атап өтті.

— Бұл өндіріс орны Келес ауданының инвестициялық әлеуетін арттыратын маңызды нысан болып табылады. Зауыттың іске қосылуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына, жергілікті экономиканың дамуына және табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға зор мүмкіндік береді. Аудан әкімдігі тарапынан жобаны жүзеге асыруға барлық қажетті қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар, жұмыс күшін жергілікті тұрғындар есебінен қамтып, оларды кәсіби тұрғыда даярлауға басымдық берілуі тиіс, — деді аудан әкімінің орынбасары.

Возможно, это изображение костюм и пальто

Жоба аясында SunDala брендімен минералды су және лимонадтық сусындар өндірілмек. Инвестиция көлемі 2,5 млрд теңгені құрайды. Зауыт толық іске қосылған жағдайда 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Өнімдер ішкі нарыққа және экспорттық бағытқа шығарылатын болады. Сонымен қатар, инвесторлар қойма салу үшін қосымша жер теліміне қажеттілік бар екенін айтып өтті. Бұл мәселеге байланысты аудан әкімінің орынбасары арнайы жер қорындағы бос учаскелермен таныстырып, тиісті қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*