Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ 188 АЗАМАТТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕСТІЛЕУДЕН ӨТКІЗДІ

ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ 188 АЗАМАТТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕСТІЛЕУДЕН ӨТКІЗДІ

Келес ауданында пробациялық есепте тұрған азаматтарды жұмыспен қамту, әлеуметтік-құқықтық қолдау көрсету және профилактикалық жұмысты күшейту мәселелеріне арналған отырыс өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Жиынға Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариев төрағалық етті.

Возможно, это изображение один или несколько человек

Отырыста Түркістан облысы прокуратурасының үкімдердің орындалуын қадағалау басқармасының басшысы Нұрғали Асқанбеков, аудан прокуроры Нұрлан Ешенқұлов, тиісті бөлім және мекеме басшылары, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар қатысты. Жиын барысында мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту және пробация саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыру мәселелері кеңінен қозғалды.

Жиын барысында күн тәртібіндегі екі баяндама тыңдалды. Алғашқы баяндамада аудан бойынша пробациялық есепте тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларға тарту барысы баяндалды. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Ағымдағы жылы прокуратураның үйлестіруімен бұл бағытта бірқатар оң нәтижелерге қол жеткізілгені айтылды. Атап айтқанда, «Еңбек нарығын дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде бекітілген квоталар толық орындалып, пробация есебіндегі, бас бостандығынан босатылған және қамқорлықтан айырылған санаттағы 8 азамат жұмыспен қамтылды.

Возможно, это изображение один или несколько человек, отдел новостей и текст

Бұдан бөлек, пробация есебіндегі 52 азамат түрлі қолдау шараларына тартылып, олардың 22-сі тұрақты жұмысқа орналасты, 13-і қоғамдық жұмысқа жіберілді, 8-і «Бастау Бизнес» жобасы арқылы оқыды, 3 азамат мемлекеттік грантқа ие болды. Сонымен қатар мұқтаж санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетіліп, 13 адам қысқа мерзімді курстарды аяқтады.

Екінші баяндамада Келес аудандық пробация қызметі тарапынан атқарылған профилактикалық және қайта әлеуметтендіру жұмыстары талқыланды. «Отбасын қолдау орталығы» мамандары жыл басынан бері 188 азаматқа психологиялық тестілеу жүргізіп, оның нәтижесінде отбасы ішіндегі құқықбұзушылық фактілері тіркелмегенін хабарлады. Бұл көрсеткіш жүргізілген алдын алу шараларының тиімділігін аңғартады.

Возможно, это изображение один или несколько человек

Жиын қорытындысында ұсыныстар талқыланып, қатысушыларға қосымша сөз беріліп, еркін пікір алмасу өтті. Даурен Сариев пробация саласындағы өзара үйлесімді жұмысты одан әрі күшейту қажеттігін атап өтіп, тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеді.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*