Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ САЛЫНЫП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Келес ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғат пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Әли Бектаев бастаған жұмыс тобы келіп, «Ecoculture–Eurasia» өнеркәсіптік жылыжай кешенінің құрылыс барысымен танысты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі.

Возможно, это изображение один или несколько человек

Делегация құрамында Сенат депутаттары, Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, сондай-ақ Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков пен Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариев болды. Сапар барысында жобаның іске асырылу кезеңдері, өндірістік қуаттылығы және әлеуметтік-экономикалық тиімділігі жан-жақты қаралды.

Ақтөбе ауылдық округінде жалпы 500 гектар жерге жоспарланған жылыжай кешенінің бірінші кезеңі 51,26 гектар аумақта жүзеге асырылып жатыр. Жобаның жалпы құны 42 млрд теңгені құрайды және «Қазақстан Даму Банкі» тарапынан 23,5 млрд теңге көлемінде қаржыландыру мақұлданған. Бұл жоба өңірге ірі инвестиция тартудың нақты үлгісі болып отыр.

Қазіргі таңда 8 блоктан тұратын кешеннің қазандық құрылысы 80 пайызға орындалып, жалпы қуаттылығы 14 МВт болатын 9 қазандық орнатылған. Сонымен қатар 37,76 гектар аумақта жылыжай блоктарын полиэтиленмен қаптау жұмыстары толық аяқталып, 12,5 гектарлық екі блок көшет отырғызуға толық дайын күйге келтірілген.

Қазан айында 6,25 гектар жерге “Климон F1” қызанақ көшеттері отырғызылып, нысанда 100 адам жұмыспен қамтылған. Жоба толық іске қосылғанда 1337 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Жылына 25 мың тонна өнім беретін заманауи голландиялық технология енгізіліп, өнімнің ішкі нарықпен қатар экспортқа бағытталуы да жоспарланып отыр.

Возможно, это изображение парник и ростки

Жобаны инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында газ, электр және су жүйелері тартылуда. Делегация мүшелері жылыжай кешенінің өңірдің агросекторын дамытудағы, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтудағы және жаңа жұмыс орындарын ашудағы маңызын атап өтіп, атқарылып жатқан жұмыстардың қарқындылығына оң бағасын берді.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*