Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: МАҢЫЗДЫ МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: МАҢЫЗДЫ МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы мен қызметкерлері, дербес бөлімдер мен мемлекеттік мекеме басшылары, ауыл округтерінің әкімдері қатысты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

Возможно, это изображение один или несколько человек и отдел новостей

Алғашқы мәселе бойынша аудан бюджетінің кіріс және шығыс бөлігінің орындалуы, жыл қорытындысы бойынша төмен орындау қаупі бар индикаторлық көрсеткіштердің болжамы талқыланды. Бұл бағытта экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Сихымбаева мен мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ғани Нұрымбетов атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасап, көрсеткіштердің уақытылы орындалуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар алды.

Келесі кезекте ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысы Берік Алтынбеков аудан аумағында ағын су саласында атқарылған жұмыстар мен өзекті мәселелер туралы баяндап, туындаған түйткілдер мен оларды шешу жолдарын атап өтті. Аудан әкімі бұл бағыттағы жұмысты күшейтіп, салааралық үйлесімділікті арттыру қажеттігін тапсырды.

Возможно, это изображение один или несколько человек и отдел новостей

Сонымен қатар жиында ауданда бюджет есебінен жүзеге асырылып жатқан және жыл соңына дейін пайдалануға берілетін жобалар қаралды. Аудан басшысы аталған нысандардың сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуына баса назар аударып, жауапты басшыларға бақылауды күшейтуді жүктеді.

Күн тәртібінен түспейтін қоғамдық-саяси ахуал, азаматтарды күзгі әскерге шақыру, жылу маусымының тұрақты өтуі және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының орындалуы бойынша қосымша мәселелер де қозғалды.

Возможно, это изображение один или несколько человек

Жиын қорытындысында аудан әкімі Азат Оралбаев барлық бөлім басшыларына жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстап, белгіленген тапсырмаларды уақытында әрі сапалы орындауды тапсырды.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*