Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ХАЛЫҚТЫҢ ТЕМІРЛАН ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕГІ КРЕДИТТІК ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ САТЫП АЛУ ТЕТІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ХАЛЫҚТЫҢ ТЕМІРЛАН ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕГІ КРЕДИТТІК ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ САТЫП АЛУ ТЕТІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен Темірлан елді мекенінде құрылысы жүргізіліп жатқан кредиттік тұрғын үйлерді іске қосу және оны сату тетіктерін талқылауға арналған жұмыс жиыны өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Жиын тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарды үйлестіруге арналды.

Нет описания фото.

Жиынға ауыл округтерінің әкімдері, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, білім бөлімі, орталық аурухана, ішкі саясат, құрылыс және сәулет бөлімі басшылары, сондай-ақ «Отбасы банк» АҚ Түркістан облыстық филиалы директорының орынбасары қатысты.

Мәжілістің негізгі мақсаты – Темірлан аумағында салынып жатқан тұрғын үйлерді халыққа тиімді әрі қолжетімді түрде ұсыну, сондай-ақ кредиттік тұрғын үйлерді сату тетіктерін түсіндіру және оларды іске асыру жолдарын нақтылау болды.

Жиын барысында тиісті бөлім тарапынан «Батсу-Водоканал» ЖШС және «CK ABU GROUP» ЖШС тарапынан жүргізіліп жатқан 2 қабатты тұрғын үй құрылыстарының қазіргі жағдайы таныстырылды. Темірлан елді мекеніндегі 70 гектар алқапта 32 пәтерлік (2 қабатты) тұрғын үйлердің және 120 пәтерлік тұрғын үй блоктарының құрылысы жоспарға сай жүргізіліп жатқаны айтылды.

Құрылыс нысандарында ішкі әрлеу, электр желілерін және ауыз су жүйесін тарту, сондай-ақ фасад жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Қазіргі уақытта құрылыс алаңында 160-қа жуық жұмысшы мен 4 техника жұмылдырылған.

«Отбасы банк» өкілі жиналғандарға тұрғын үйлерді кредиттік негізде сату тетіктерін, қатысу шарттарын және мемлекеттік бағдарламалар аясында ұсынылатын мүмкіндіктерді кеңінен түсіндірді.

Жиын қорытындысында аудан басшысы Азат Оралбаев ауыл округі әкімдеріне және жауапты бөлімдерге тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту, кредиттік тұрғын үй бағдарламаларына қатысу тәртібін кеңінен жеткізу, кезекте тұрған азаматтардың деректерін нақтылау, сондай-ақ құрылыс барысын тұрақты бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар Темірлан елді мекенінде тұрғын үйлер салу және оларды халыққа қолжетімді түрде ұсыну бағытындағы бірлескен жұмыстар жалғаса беретінін атап өтті.

Возможно, это изображение текст

КРЕДИТТІК ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ САТУ БОЙЫНША ҚЫСҚАША НҰСҚАУЛЫҚ

1️ Тұрғын үйлердің жалпы сипаттамасы
Темірлан елді мекенінде 2 қабатты жаңа тұрғын үйлер салынып жатыр.
Пәтерлер саны: 32 пәтер және 120 пәтерлі тұрғын блоктар.

Пәтер түрлері:
➖ 1 бөлмелі – 34–45 м²
➖ 2 бөлмелі – 50–65 м²
➖ 3 бөлмелі – 66–87 м²

1 шаршы метрдің аудандар бойынша бағасы: 260 000 теңге
Кредиттік сату құны: 208 000 теңге/м² (ескертпе).

2️ Кредиттік тұрғын үйді кім сатып ала алады?
Пәтерді сатып алу құқығы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға және Түркістан облысының кез келген азаматына беріледі.

Бірінші кезекте:
▫️ ҰОС ардагерлері
▫️ Жетім балалар
▫️ Көпбалалы аналар мен отбасылар
▫️ 1 және 2 топ мүгедектері
▫️ Мүгедек баласы бар отбасылар
▫️ Жеңілдігі бар ардагерлер
▫️ Жесірлер

3️ Несиелеу бағдарламалары

2–10–20 бағдарламасы
➖ Пайыздық мөлшерлеме: 2%
➖ Бастапқы жарна: 10%
➖ Мерзімі: 19 жылға дейін
➖ Табыс талабы: отбасы мүшесіне шаққандағы орташа табыс
5 төменгі күнкөріс деңгейінен аспау керек
(2025 жылы – 231 140 теңге)

5–10–20 бағдарламасы
➖ Пайыздық мөлшерлеме: 5%
➖ Бастапқы жарна: 10%
➖ Мерзімі: 20 жылға дейін
➖ Табыс талабы: отбасы мүшесіне шаққандағы табыс
6 төменгі күнкөріс деңгейінен аспау керек
(2025 жылы – 277 368 теңге)

4️ Пәтерге қойылатын талаптар
➖ Жаңа тұрғын үй (2 жылдан аспаған)
➖ Ауданы 84 м²-ден аспауы тиіс
➖ Сапалы материалдармен салынған
➖ Жоба сараптамадан өткізілген

5️ Қатысушыға қойылатын негізгі талаптар
➖ orken.otbasybank.kz сайтында тұрғын үй кезегінде тұру
➖ Соңғы 6 айда тұрақты зейнетақы аударымдарының болуы
➖ Несие тарихының оң болуы
➖ Табыс деңгейі бағдарлама талаптарына сәйкес болуы
➖ Бастапқы жарнаны (кемінде 10%) төлеу мүмкіндігі

Возможно, это изображение отрывной талон и текст "ТУРГЫН УЙдΙ БЕЛУДИН ЖАНА ТЭРТИБИ ТУРГЫН УЙДΙ БеЛУДИН НЕГИГИ КРИТЕРИЙЛЕР: ЕСЕПКЕ кою ΚΥΗΙ ТАБЫС ДЕНГЕЙ! ЖАЛЕА БЕРЛЕΤИН ЖЭне КРЕДИТТИК ТУРЕЫН ΥЙ АЛУЕА БИРИНШ КЕЗЕКТЕГИ КУКЫК БЕРИЛЕДИ АЗАМАТТАРГл ТАБЫС ДЕНГЕЙТ БОЙЫНША: калган азаматтар калган aaMaTTap НАУРЫЗ, ИПОТЕК 5-10-20 6ipinmi езк кукык ЕДБ бί 2-10-20 кукык ЖАЛЕА БЕРЛЕТИ Η онын ШИНДЕ СыЙЛЫКАКы УСТЕМАКыЛАР, КОСЫМшА АКЫЛАР, сонДАй- КАСИКЕРИΚ КЫЗМЕТТЕН 70% ТУРГЫН УЙДИН БАРЛЫК КОЛЕМИНЕН ОС АΡДАГЕРЛЕРΙ -ЖЕТΙМ-БАЛАЛАР -КеП БАЛАЛЫ АНАЛАР ΜΕН ОТБАСЫЛАР ЖЭне ТОПТАГЫ МУГЕДΕΚΤΊГΙ БАР АДАМДАР -МУГЕДЕК БАЛАЛАРЫ БАР ОТБАСЫЛАР -БАСКА МЕМЛЕКЕТТЕР АУМАГЫНДАГЫ КИМЫЛДАРЫНЫН АΡДАГЕРЛЕРИ ЖЕНИЛДΙКТЕРΙ БОИЫНША YOC АРДАГЕРЛЕРНΕ ТЕНЕСТЕРЛГЕН АРДАГЕРЛЕР ЗАННЫН БУЛ НОРМАЛАРЫ 2025 ЖЫЛГЫ 24 МАМЫРДАН БАСТАП КУШНЕ ΕНДΙ."

6️ Үйді сатып алу механизмі
➖ Азамат тұрғын үй кезегінде тұрады
➖ Құжаттар банкке өткізіледі
➖ «Отбасы банк» табыс пен несие тарихын тексереді
➖ Несие мақұлданады
➖ Пәтер бөлінеді
➖ Келісімшарт жасалып, азамат жаңа баспанаға қоныстанады

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*