Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: КӨГАЛДАНДЫРУ-АБАТТАНДЫРУ БАРЫСЫН ҚАДАҒАЛАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: КӨГАЛДАНДЫРУ-АБАТТАНДЫРУ БАРЫСЫН ҚАДАҒАЛАДЫ

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев аудан орталығы Темірлан елді мекенінде жүзеге асырылып жатқан көгалдандыру және абаттандыру бағытындағы ауқымды жобалардың орындалу барысын бақылау мақсатында бірқатар нысандарды аралады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Аудан басшысы әр нысанда атқарылған жұмыстардың сапасына, мерзімдік орындалуына және эстетикалық талаптардың сақталуына ерекше назар аударып, жауапты мекемелердің жұмысын қадағалады.

Нет описания фото.

Алдымен аудан әкімі Шымкент бағытынан Темірланға кіре берістегі арнайы қоршалған 4,5 гектар аумақты аралап көрді. Бұл аумақта ауданның көркін арттыратын жасыл белдеу қалыптастыру үшін ағаш отырғызу және тамшылатып суару жүйесін тарту жұмыстары жүргізілуде. Жоспарға сәйкес сәндік талдар, жапырақты және қылқан жапырақты ағаш түрлері мен түрлі бұталар егіліп, көпжылдық өсімдіктермен толықтыру көзделген. Бүгінгі таңда бұл аумақта 500-ге жуық жас көшет отырғызылуда.

Аудан әкімі Азат Оралбаев жұмыс барысымен танысып, тал егу ісіне өзі де қатысып, егілген көшеттердің жерсінуі мен ұзақ мерзімді өсуін қамтамасыз ету үшін күтім шараларын күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар аумақты кеңейту мүмкіндігін қарастырып, көрнекі қақпа орнату, нысанға атау беру және қосымша жеміс ағаштарын отырғызу жөнінде ұсыныстарын айтты.

Бұдан кейін аудан басшысы Шәмші аллеясына қарама-қарсы орналасқан шатқал аумағындағы абаттандыру жұмыстарын тексерді. Қазіргі таңда шатқалдағы қыраттар тегістеліп, 3 гектардан астам жерге гүлзарлар мен сәндік ағаштар отырғызуға дайындық жүргізілген. Болашақта бұл аумақ тұрғындар мен қонақтар үшін жайлы демалыс орнына айналмақ. Жоспарға сәйкес мұнда шағын сәулеттік пішіндер, демалыс орындықтары, жарықтандыру жүйелері және ландшафтық дизайн элементтері орнатылады.

Возможно, это изображение дерево и текст

Аудан әкімі нысанның жобалық жоспарымен танысып, визуалды және техникалық тұрғыда бірқатар толықтырулар мен түзетулер енгізіп, жұмыстың сапалы орындалуын тапсырды.

Келесі кезекте Азат Оралбаев Темірланнан Ынталы ауылына бұрылыста орналасқан үлкен аллея құрылысының барысын қадағалады. Бұл аумақта жол жиегін абаттандыру, жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар салу, спорт және ойын алаңшаларын орналастыру, гүлзарлар мен тал-теректер отырғызу жұмыстары жоспарланған. Сонымен қатар аллея маңындағы жеке меншік нысандардың сыртқы келбетін реттеу бағытында да жұмыстар атқарылуда.

Жол бойындағы жарықтандыру бағаналары жаңартылып, аумақтың жалпы сәулеттік келбетімен үйлестірілуде. Әрбір нысанда аудан әкімі мердігерлермен және жауапты бөлім басшыларымен нақты мәселелерді талқылап, белгіленген міндеттердің уақытылы әрі сапалы орындалуын талап етті.

Возможно, это изображение текст

Сапарды қорытындылаған Азат Оралбаев Темірлан елді мекенінің кіреберісі мен орталық бөлігінің заманауи келбетке ие болуы ауданның жалпы бейнесіне тікелей әсер ететінін атап өтіп, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарының қарқынын бәсеңдетпеу қажеттігін жеткізді.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*