Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: КҮЗГІ ТАЛ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: КҮЗГІ ТАЛ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен маңызды екі бағытты қамтитын — күзгі әскерге шақыру науқаны мен күзгі тал егу жұмыстарының орындалуына арналған кеңейтілген жұмыс жиыны өтті,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Басқосуға аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, тиісті бөлім басшылары, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері қатысты.

Возможно, это изображение отдел новостей

Жиында күн тәртібіндегі алғашқы мәселе ретінде күзгі әскерге шақыру жұмыстарының барысы жан-жақты талқыланды. Әрбір ауылдық округ бойынша нақты есептер тыңдалып, белгіленген жоспар мен орындалған көрсеткіштердің арақатынасы сараланды. Бірқатар округтерде орын алған кемшіліктер атап өтіліп, олардың туындау себептері мен алдағы уақытта шешу жолдары егжей-тегжейлі қаралды.

Аудан басшысы жауапты сала жетекшілеріне жастарды әскерге шақыру бағытындағы жұмыстарды күшейтуді, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі әрі нәтижелі жүргізуді және қолданыстағы заң талаптарының толық сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар, әскерге шақыру науқаны барысында кешенді әрі алдын ала жоспарланған іс-шараларды уақытылы жүзеге асырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Возможно, это изображение текст

Күн тәртібіндегі келесі мәселе – күзгі тал егу және егілген көшеттерді күтіп-баптау жұмыстары болды. Жиын барысында биыл отырғызылған тал-теректердің жалпы ахуалы, оларды қоршау, суару және қорғау шараларының ұйымдастырылуы кеңінен қаралды. Ауылдық округ әкімдері аталған бағытта атқарылған жұмыстар туралы баяндап, кездесіп отырған өзекті мәселелерді ортаға салды.

Аудан әкімі егілген әрбір талдың сақталуына жауапкершілікпен қарау керектігін баса айтып, көшеттерді күтіп-баптау жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Сондай-ақ көгалдандыру жұмыстарында жүйелілік пен нақты нәтиже болуы үшін жауапты бөлімдерге бірқатар нақты міндеттер жүктеді.

Возможно, это изображение Овальный кабинет и текст

Жиын қорытындысында аудан әкімі әр сала бойынша тапсырылған міндеттердің орындалуын қатаң бақылауға алатынын жеткізіп, тиісті басшыларға бекітілген жоспарларды уақытылы әрі сапалы орындауды міндеттеді.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*