Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Отырар ауданында көпбалалы аналарды ұлықтауға арналған салтанатты іс-шара өтті,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Мерекелік жиын Тәуелсіздік күні қарсаңында ұйымдастырылып, аналарға деген ерекше құрмет пен ықыластың айқын көрінісіне айналды.

Іс-шара аясында аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы ел болашағы – саналы ұрпақтың қалыптасуына өлшеусіз үлес қосып жүрген көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табыстады. Бұл марапаттар аналардың отбасындағы ғана емес, қоғам алдындағы еңбегінің жоғары бағалануы болып табылады.

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

Жиында аудан басшысы ұлттың ұйытқысы болып отырған аналардың қоғамдағы рөліне ерекше тоқталып, олардың ел демографиясына қосып отырған үлесі – ұрпақ тәрбиелеудегі ерлікпен тең екенін атап өтті. Сондай-ақ ана мейірімі мен тәлім-тәрбиенің мемлекет дамуы үшін маңызы зор екенін жеткізді.

Ол өз сөзінде: «Әр шаңырақтың ұйытқысы, берекесін еселеп жүрген аяулы аналардың қоғамдағы орны бөлек. Олар Тәуелсіз елдің жарқын, айбынды ұрпағын тәрбиелеуде. Баласын елдің қызметіне лайықты азамат ретінде тәрбиелеген жан – барлық мақтауға лайық. Отбасыларыңызға амандық тілеймін», – деді.

Жыл сайын Мемлекет басшысының Жарлығымен жеті және одан да көп баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп отырған аналарға «Алтын алқа», ал алты баланы өмірге әкелген аналарға «Күміс алқа» мемлекеттік наградалары табысталады. Бұл марапат – аналардың көпжылдық еңбегі мен отбасындағы зор жауапкершілігін бағалаудың айқын белгісі.

ҚР Президентінің 2025 жылғы 14 қазандағы №1044 Жарлығының негізінде отырарлық 3 ана «Алтын алқа», ал 15 ана «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталып отыр. Салтанатты рәсім барысында аналарға төсбелгілер мен куәліктер табысталып, аудан әкімдігі атынан гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар ұсынылды.

Возможно, это изображение один или несколько человек

Бүгінде Отырар ауданында 66 батыр ана, «Алтын алқа» орденімен марапатталған 680 ана, «Күміс алқа» орденімен марапатталған 1348 ана, І-ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған 134 ана бар. Бұл көрсеткіштер ауданда отбасы құндылықтары мен ана мәртебесіне айрықша көңіл бөлінетінін көрсетеді.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*