Отырар ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Д.Құрманбек атындағы №20 колледжінің бірлесе ұйымдастыруымен аудандық колледж студенттерінің қатысуымен «Жас шебер – 2025» байқауы өткізілді,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Аталған байқау жастардың кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі болды.

Іс-шараға Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Жандос Нұрпейісов, Отырар ауданы прокурорының орынбасары Серік Ізтілеуов, аудан әкімінің орынбасары А.Құлмаханов қатысып, байқауға қатысушы жастарға сәттілік тілеп, олардың болашағынан зор үміт күтетіндерін жеткізді.
Байқау жас мамандардың кәсіби дағдыларын жетілдіру, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды насихаттау және жастардың шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Сонымен қатар, бұл сайыс жастарды еңбекке баулып, өз мамандығына деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді.

Байқау 4 бағыт бойынша өтті:
«Үздік аспаз»
«Үздік тігінші»
«Үздік дәнекерлеуші»
«Үздік автомеханик»
Қатысушылар әр бағыт бойынша өз шеберліктерін көрсетіп, кәсіби білімі мен тәжірибесін ортаға салды. Қазылар алқасы жұмыстарды жан-жақты бағалап, орындау сапасы мен шығармашылық ізденіске ерекше назар аударды.
Қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған жастар дипломдармен, қаржылай сыйақылармен және арнайы номинациялармен марапатталды.

⸻
ЖЕҢІМПАЗДАР:
«Үздік аспаз»
I орын – Махмудова Гүлзия, Ордабасы ауданы
II орын – Орынбасар Бекзат, Бәйдібек ауданы
III орын – Боранбай Арайлым, Отырар ауданы
«Үздік тігінші»
I орын – Базарбай Аружан, Бәйдібек ауданы
II орын – Омарова Ақмоншақ
III орын – Нусбатова Нулифар, Сауран ауданы
«Үздік дәнекерлеуші»
I орын – Абдикаримов Артём, Сауран ауданы
II орын – Сары Ерсұлтан, Отырар ауданы
III орын – Қалдыбек Марғұлан, Ордабасы ауданы
«Үздік автомеханик»
I орын – Өміртай Ердәулет, Отырар ауданы
II орын – Қоштай Нұрбақыт, Бәйдібек ауданы
III орын – Бақтияров Нұрсұлтан, Сауран ауданы
Сонымен қатар, бірқатар қатысушылар арнайы номинациялар бойынша да марапатталып, өз еңбектерінің лайықты бағасын алды. Әрбір жас өз дарынын дәлелдеп, тәжірибе жинақтап, болашақ кәсіби жолына сенімді қадам жасады.
Жалпы, байқау жас мамандардың кәсіби деңгейін арттырып, еңбекке деген ынтасын күшейтетін, болашаққа бағдар беретін маңызды алаңға айналды.
© Jetpisbai.kz
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары