Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: КЕЛЕЛІ ЖИЫН ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: КЕЛЕЛІ ЖИЫН ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кеңесшісі Мәлік Отарбаев мемлекеттік маңызы зор құжат – ҚР Президентінің халыққа Жолдауын түсіндіру және оның негізгі міндеттерін насихаттау мақсатында аудан тұрғындарымен арнайы кездесу өткізді,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Маңызды басқосу ел дамуының стратегиялық бағыттарын түсіндіруге және жұртшылықпен ашық пікір алмасуға арналды.

Возможно, это изображение один или несколько человек

Кездесуге аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, ауыл ақсақалдары, қоғамдық ұйым өкілдері, белсенді азаматтар мен жастар қатысты. Жиынды аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы ашып, жүргізіп отырды. Ол өз сөзінде Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған басымдықтардың ел дамуы үшін стратегиялық маңызын атап өтіп, аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталды.

Кездесуде алғаш болып аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақов сөз алып, Жолдауда белгіленген бағыттарды жүзеге асыру бойынша ауданда қолға алынған іс-шаралар мен нақты жоспарлар жөнінде жан-жақты ақпарат берді.

Өз кезегінде ауданның құрметті азаматы, білім саласының ардагері Мария Белгібаева Жолдаудың әлеуметтік салаға, әсіресе білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған артықшылықтары мен жаңашыл бастамаларын кеңінен түсіндіріп, бұл өзгерістердің болашақ ұрпақ үшін маңыздылығын атап өтті.

Возможно, это изображение текст

Жастар атынан мінберге шыққан Әбдікерім Дінмұхаммед Жолдау жүктейтін жауапкершілік пен міндеттерге қатысты өз көзқарасын білдіріп, жастардың қоғамдағы белсенді рөліне ерекше тоқталды. Сонымен қатар Темір ауылының тұрғыны Бегімше Ибрагимов пен шәуілдірлік жас ақын Дәурен Ақсақалов елдің болашағына қатысты өз ұсыныстары мен ой-пікірлерін ортаға салды.

Кездесу барысында ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Жолдауда айқындалған негізгі бағыттар мен міндеттердің мән-маңызына кеңінен тоқталып, олардың ел дамуына тигізетін ықпалы мен жүзеге асырылу тетіктеріне қатысты түсініктеме берді. Сондай-ақ тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап беріп, көтерілген ұсыныстардың назарға алынатынын жеткізді.

Возможно, это изображение ‎карта и ‎текст "‎1KaCIMIN wa ua IK caKTay کتر 36‎"‎‎

Жиын соңында аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы Мәлік Нұржанұлына аудан халқымен кездесуге арнайы уақыт бөліп, мазмұнды әрі маңызды ақпараттармен бөліскені үшін тұрғындар атынан алғыс білдіріп, алдағы қызметіне табыс тіледі.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*