Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Сайрам ауданына қарасты ауылдық аймақ тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімді әрі жедел көрсетілуін қамтамасыз ету мақсатында тағы бір маңызды жоба жүзеге асырылды,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Қарамұрт елді мекенінде «Азия Фаворит» медициналық орталығы пайдалануға беріліп, тұрғындарға МӘМС жүйесі арқылы тегін медициналық қызмет көрсету жолға қойылды.

Медициналық орталықтың ашылу салтанатына Сайрам ауданының әкімі М.Мұхтарұлы қатысып, ауыл халқы үшін жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік маңызы бар жобалардың маңыздылығына тоқталды. Ол денсаулық сақтау саласын дамыту – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Возможно, это изображение один или несколько человек

Аудан әкімі өз сөзінде:
«Мемлекет басшысы өз Жолдауларында халық денсаулығын сақтау, медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі екенін үнемі айтып келеді. Осы бағытта ауылдық елді мекендерде заманауи медициналық нысандардың ашылуы тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған нақты қадам. Жаңа медициналық орталықтың есігі әрдайым айқара ашық болып, халықтың алғысына бөлене берсін. Ұжымға табыс, толағай жетістіктер, ал ауыл тұрғындарына мықты денсаулық тілеймін», – деді.

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

Айта кетейік, медициналық орталықтың құрылысы 2025 жылдың маусым айында басталып, қараша айында толық аяқталған. Екі қабатты ғимараттың жалпы аумағы 480 шаршы метрді құрайды. Нысан заманауи талаптарға сай жабдықталып, тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуге толық мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда орталықта 17 маман қызмет атқарады. Оның ішінде 5 дәрігер мен 12 орта буын медицина қызметкері бар. Медициналық мекемеде балалар дәрігері, жалпы тәжірибелі дәрігер, акушер-гинеколог және ультрадыбыстық зерттеу (УЗИ) дәрігері қабылдау жүргізеді.

Возможно, это изображение один или несколько человек, осветительное оборудование и больница

Аталған жобаның іске асырылуы ауыл тұрғындары үшін медициналық қызметтің қолжетімділігін арттырып, сапалы әрі уақытылы көмек алуға жол ашты. Енді тұрғындар аудан орталығына сабылмай-ақ, қажетті медициналық тексерулер мен кеңестерді өз ауылында ала алады. Бұл бастама халық денсаулығын нығайтуға және ауылдық жерлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға оң ықпал етпек.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*