Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «АЛТЫН КҮЗ – 2025» МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «АЛТЫН КҮЗ – 2025» МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

Сайрам ауданында ауыл шаруашылығы саласының мамандарына арналған мерекелік іс-шара өтті,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Берекелі еңбектің нәтижесін айшықтаған шарада салада аянбай еңбек еткен ауыл шаруашылығы мамандары арнайы марапатталып, сыйлықтар табысталды. Іс-шараға аудан басшысы Мадияр Оразалиев қатысып, жиналған жұртшылықты кәсіби мерекемен құттықтады.

Возможно, это изображение паста, анчоусы и текст

Аудан әкімі өз сөзінде ауыл шаруашылығының өңір экономикасындағы маңызын атап өтіп, сала мамандарының ел дамуына қосып отырған үлесіне ерекше тоқталды.

«Ауыл шаруашылығы – экономиканың ғана емес, сондай-ақ қоғамдық-саяси тұрақтылықтың айнасы. Ауданда 9 мыңға жуық агроқұрылым жұмыс істейді, бұл облыстық көрсеткіштің 10 пайызын құрайды. Облыстағы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің 12 пайызы ауданымызда өндіріледі. Өткен жылы 10 айда 124,5 млрд теңгенің өнімі өндірілсе, биыл бұл көрсеткіш 136,5 млрд теңгеге жетті. «AGRO FEST – 2025» іс-шарасында ауданымыз «Қайта өңдеу бағытын дамытуда озат аудан» деп танылды. Бұл — сіздердің күн-түн демей төккен маңдай терлеріңіздің, тынымсыз еңбектеріңіздің нәтижесі. Әрбір жетістік пен табыстың артында сіздердің адал еңбектеріңіз жатыр. Ел игілігі жолындағы қызметтеріңіз үшін шынайы алғыс айтамын!

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 7,7 млрд теңге инвестиция тартылып, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4 есеге артты. Тамақ өндірісіне 9,2 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есеге жоғары», — деді М.Мұхтарұлы.

Возможно, это изображение текст

Іс-шара барысында ауыл шаруашылығы саласында Сайрам ауданы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен ауылдық округтер марапатталды. Атап айтқанда:

I орын — Қарабұлақ ауылдық округі
Ағымдағы жылдың 10 айында 52,4 млрд теңгенің жалпы өнімі өндіріліп, 1,2 млрд теңге негізгі капиталға инвестиция тартылған.

II орын — Қарасу ауылдық округі
10 айда 22,2 млрд теңгенің жалпы өнімі өндіріліп, 2,6 млрд теңге инвестиция тартылған.

III орын — Манкент ауылдық округі
10 айда 8,7 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, 310 млн теңге негізгі капиталға инвестиция тартылған.

Сонымен қатар, ауданның ауыл шаруашылығы еңбеккерлері «Озаттар», Құрмет грамоталары және «Үздіктер» номинациялары бойынша марапатталып, еңбектері лайықты бағаланды.

Возможно, это изображение текст

Марапаттау рәсімінен кейін арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, қатысушыларға көтеріңкі мерекелік көңіл күй сыйлады. «Алтын күз – 2025» мерекесі еңбек адамын ұлықтаған, береке мен бірлікті дәріптеген мазмұнды шараға айналды.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*