Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БЕКЕТІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БЕКЕТІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Сайрам ауданы бойынша жедел медициналық жәрдем қызметінің №22 Ақсукент бас бекетінде реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп, бүгін салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі.

Возможно, это изображение помост и текст

Ашылу салтанатына Сайрам ауданының әкімі арнайы қатысып, медицина қызметкерлерін құттықтады. Ол өз сөзінде жедел медициналық жәрдем саласының маңыздылығына тоқталып, адам өмірін сақтаудағы ақ халатты абзал жандардың еңбегін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, осы салада аянбай еңбек етіп жүрген бірқатар мамандар арнайы Алғыс хаттармен марапатталып, олардың кәсіби қызметіне жоғары баға берілді.

Жедел жәрдем бекеті үнемделген бюджет қаражаты есебінен және демеушілердің қолдауымен жаңғыртылды. Реконструкциялау барысында ғимараттың ішкі және сыртқы келбеті толық жаңартылып, қызметкерлерге қолайлы еңбек жағдайы жасалды. Нәтижесінде аудан аумағындағы барлық бекеттердің бақылау және үйлестіру жұмыстары күшейтіліп, жедел жәрдем шақыртуларына дер кезінде жету мүмкіндігі артты.

Возможно, это изображение один или несколько человек

Айта кетейік, Сайрам ауданында жедел медициналық жәрдем қызмет көрсету радиусы 100 шақырымды құрайды. Ауданда 3 кіші бекет, 6 дислокациялық пост және 21 жедел жәрдем бригадасы тәулік бойы халыққа қызмет көрсетуде. Бұл көрсеткіштер аудан тұрғындарының қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыстың айғағы.

Соның ішінде, Ақсукент бекетінде 13 бригада, жалпы саны 180 қызметкер жұмыс істейді. Мұнда 20 дәрігер, 101 фельдшер және 59 жүргізуші еңбек етеді. Олар күндіз-түні кез келген шақыртуға дайын болып, тұрғындарға сапалы әрі жедел медициналық көмек көрсетуде.

Возможно, это изображение скорая помощь и текст

Қазіргі таңда бас бекет заман талабына сай жабдықталып, барлық қажетті заманауи құралдармен толық қамтамасыз етілген. Жаңа техникалар мен медициналық құрылғылар жедел жәрдем қызметінің тиімділігін арттырып, науқастарға көрсетілетін көмектің сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беріп отыр.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*