Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: СЕНАТОРЛАР ШАРДАРА АУДАНЫНА КЕЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: СЕНАТОРЛАР ШАРДАРА АУДАНЫНА КЕЛДІ

ҚР Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары жұмыс сапарымен Шардара ауданына келді,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Делегация өңірдегі ірі өндірістік жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысып, ауыл шаруашылығы мен өңдеу саласының даму қарқынын бағамдады.

Возможно, это изображение один или несколько человек

Іс-шараға комитет төрағасы Әли Бектаев, комитет мүшелері, облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков, облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Файзулла Байдуллаев, Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев қатысты. Кездесу барысында өңірдің аграрлық әлеуеті мен инвестициялық мүмкіндіктері кеңінен талқыланды.

Сенаторлар индустриялды аймақта орналасқан «Казкрахмал» ЖШС-ның жүгеріні терең өңдеу зауытының құрылыс барысымен танысты. Кәсіпорынға индустриялды аймақ аумағынан 35 гектар жер телімі бөлінген. Жалпы жоба құны – 35 млрд теңге. Жобаны толық іске қосу нәтижесінде 550 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп жоспарланған. Өндірістік кешен жылына 150 000 тонна жүгеріні терең өңдеуге бағытталған.

Возможно, это изображение текст

Компания тарапынан 2023–2025 жылдары жалпы көлемі 17 млрд теңге инвестиция құйылған. Оның ішінде “Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” АҚ 3,6 млрд теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсеткен. Бұл өз кезегінде өңірде ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға мемлекет тарапынан жасалып отырған нақты қолдаудың көрінісі болып табылады.

Бүгінгі таңда нысандағы құрылыс жұмыстарының 98%-ы аяқталған. Қазіргі уақытта кәсіпорында 78 қызметкер жұмыс істеуде. Аяқталған немесе әзір тұрған нысандар қатарында:
– жүгеріні қабылдау және кептіру кешені;
– жалпы 30 000 тоннаға арналған 6 сақтау қоймасы;
– дайын өнімге арналған 4 қойма;
– әкімшілік ғимарат, жатақхана және асхана;
– жүгеріні терең өңдеу зауыты (аяқталу кезеңінде).

Сонымен қатар, барлық технологиялық құрал-жабдықтар Түркияның Cemsan компаниясынан әкелініп, толық орнатылған.

Нет описания фото.

Зауытты 2026 жылдың наурыз айында іске қосу жоспарланған. Алғашқы кезеңде 200 адамды жұмыспен қамту көзделген. Жоба өңірдің экспорттық әлеуетін арттыруға, ішкі нарықты сапалы крахмал өнімдерімен қамтамасыз етуге және өңдеу өнеркәсібін дамытуға елеулі үлес қоспақ.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*