Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: КАРТИНГ АЙМАҒЫН АШУҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ БІЛДІРІЛУДЕ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: КАРТИНГ АЙМАҒЫН АШУҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ БІЛДІРІЛУДЕ

Түлкібас ауданының әкімі Асқар Естібаев бастаған делегация Қытай еліне жасаған іссапарын Чанша қаласында түйіндеді,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі.

Возможно, это изображение телевизор и текст

Сапар барысында аудан басшысы аудан аумағында картинг (арнайы миниавтомобильмен түрлі жол карталарында ұйымдастырылатын жарыс) орталығын ашуға қызығушылық білдіріп отырған Қытайдағы ең ірі картинг орталығының басшылығымен кездесті. Кездесу кезінде екі тарап туризм мен спорт саласын ұштастыра отырып, заманауи демалыс аймағын құрудың мүмкіндіктерін талқылады.

Аталған орталық 10 гектар аумақты алып жатыр. Мұнда картингтен бөлек, тік ұшақпен (вертолет) қыдыру аймағы, пейнтбол қалашықтары орналасқан. Кешен 2017 жылы құрылған және қазіргі таңда 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Жалпы, Қытай елінде 8 картинг орталығы жұмыс істейді, соның ішіндегі ең ірісі Чанша қаласында орналасқан. Бұл орталық аймақтық туризмнің дамуына айтарлықтай үлес қосып, келушілер санының артуына ықпал етіп отыр.

Возможно, это изображение текст "·-. -Еркίн KCHİCTİKTİ багындыру Бултканат хелигорты дус туризминия жана олшемии สามพก. лан- гайыр даланы звланыбийкт бийктен тамашалауга мумкиидик бередй козсуридрер KERICTINTI иыпанывизуаллы визуалды ST3aT СмйлайДы " -ΘМΊР epheri Жобаныц кешёндй кызметтеро мен мадени opiiicn c'pin тогыстыратын ретииде буд конакуи, гастрономиялык демалы каннммерсивим мэдени косатын, серазмасатинжоно жэне эМОЦИЯЛыК байланыс манызды рталынкнайналады айналады. --- 一.· ·ΘмΊρ "Shine Tulkibas" курорттык конакуй Б.р.иш, езсидс ERAC кеминде 100hoMip 100 салынып, терт жуадызлыстандарт жулдызды боныншаха боныншахалыкаралы алыкаралык сервис сервиспснжернйля пен жеπίτ opRekTi уйлестире усыналы,"

Асқар Сұлтанұлы туризм мен спорт саласы үйлескен орталық басшылығымен өткен сұхбат барысында бұл бағытты Түлкібас ауданы аумағында дамыту мақсатында келіссөздер жүргізіп, жобаны іске асырудың негізгі тетіктері мен маңызды тұстарын талқылады.

Аталған жобаны Иірсу елді мекенінің маңынан 10 гектар аумаққа жүзеге асыру барысы пысықталып, алдағы уақытта жобаны дамытуға аудан тарапынан барлық қажетті қолдаулар көрсетілетіні айтылды.

Айта кетерлік, бұл сала Еуропа елдерінде қарқынды дамыған. Ал Қытайда да картинг индустриясы соңғы жылдары қарқын алып, туристер арасында жоғары сұранысқа ие бағыттардың біріне айналып отыр.

Сонымен қатар, аудан делегациясы дөңгелек үстел басында «Kazakhstan Silk Road International Holdings Group» ЖШС-нің басшылығымен қайта кездесіп, Түлкібас ауданы Иірсу елді мекені маңынан әлемдік деңгейдегі экологиялық-этнографиялық демалыс аймағын құру жобасын жан-жақты талқылады.

Инвестор Қытай елінде қызмет көрсету орындарының (қонақ үй, тамақтану және сауда орындары) өте көп екенін, ал Иірсу аумағында мұндай инфрақұрылымның жоқтығы жобаны іске асыруға зор мүмкіндік беретінін атап өтіп, аталған жобаны бірлесіп жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.

Возможно, это изображение вертолет и текст

Аудан әкімі өз кезегінде ауқымды жобаны бірлесіп іске асыруға дайын екенін жеткізіп, құрылыс және пайдалану барысында экологиялық талаптардың қатаң сақталатынын, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарына аудан тұрғындарын барынша тарту қажеттігін нақтылап айтты.

Айта кетейік, аталған жоба толық цифрлық басқару жүйесімен қамтылатын болады. Онда кірушілерді фейсқадағалау жүйесі арқылы бақылау, 3D құрылғысы арқылы демалыс аумағының бейне көрінісін тамашалау, сондай-ақ арнайы қосымша арқылы көлік құралдарының келу уақытын білу, кезек көп нүктелерді айналып өту және өзге де қызметтерді пайдалану мүмкіндіктері қарастырылады.

Возможно, это изображение один или несколько человек, стол и текст

Жоба толық іске асқан жағдайда ауданның туризмдік және экономикалық әлеуеті артып қана қоймай, жаңа жұмыс орындары ашылып, тұрғындарға өз кәсібін дамытуға және табыс көзін арттыруға мол мүмкіндік туатын болады.

© Jetpisbai.kz

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*