Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖЫЛ БОЙҒЫ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ ЕЛЕНГЕН КҮНІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖЫЛ БОЙҒЫ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ ЕЛЕНГЕН КҮНІ

Еңбек адамдары – елдің тірегі, қоғамның қозғаушы күші. Олардың табанды еңбегі мен маңдай тері әрбір жетістік пен дамудың негізі болып табылады.

Возможно, это изображение отдел новостей и текст

Түлкібас аудандық мәдениет үйінде ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы жылдық нәтижелерін қорытындылауға арналған «Алтын күз–2025» мерекелік іс-шарасы өтті,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Салтанатты жиында шаруалардың жыл бойғы қажырлы еңбектері еленіп, сала үздіктері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ері» медалімен, «Құрмет грамотасымен», Түркістан облысы әкімінің Алғыс хатымен, «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, «Ауыл» партиясының құрмет грамоталарымен және аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Шара барысында сөз сөйлеген аудан әкімі Асқар Сұлтанұлы еңбек адамдарына ерекше ризашылығын білдіріп, ауыл шаруашылығы саласында қол жеткізілген табыстарға тоқталды.
«Биылғы 2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласындағы нақты көлем индексі 100 пайызды құрады. Егін шаруашылығы, алма бау, тамақ өнеркәсібі, мал шаруашылығы, балық шаруашылығы – барлық бағытта жұмыстар жоспарға сай толық орындалды. Бұл жетістікке сіздердің маңдай тер, табанды еңбектеріңіздің арқасында жетіп отырмыз», – деп еңбек озаттарын айтулы мерекемен құттықтады.

Возможно, это изображение текст

Мерекелік шараның жалғасы аудандық өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласып, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әсем ән мен күмбірлеген күй еңбек адамдарына деген құрметтің белгісіндей әсер қалдырды.

2025 жылдың 10 айының қорытындысымен аудан бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 51 млрд 62 млн 900 мың теңгені құрап, нақты көлем индексі 100 пайызға орындалды. Оның ішінде егін шаруашылығы – 26 млрд 362 млн теңге, мал шаруашылығы – 24 млрд 601 млн теңге.

Ағымдағы жылы барлығы 64 мың 485 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде 24 мың гектар жерге дәнді дақылдар орналастырылып, соның 12 мың 400 гектарына бидай егілді. Бидайдың өнімділігі гектарына 13,1 центнерді құрап, 16 мың 200 тонна өнім жиналды. 11 мың 600 гектар жерге арпа егіліп, өнімділігі гектарына 9,5 центнерді құрап, 11 мың тонна өнім алынды.

Сондай-ақ, 12 мың 600 гектар жерге майлы дақылдар егілді. Оның орташа өнімділігі гектарына 7 центнерді құрап, 8 мың 800 тонна өнім жиналды. 10 мың 59 гектар жерге егілген мақсары дақылы толық жиналып, гектар өнімділігі 7 центнерді құрап, 7 мың 41 тонна өнім алынды.

Возможно, это изображение текст "AyblЛ WAPy WAPyAWblЛblPblA y3AK ЖblЛAAP 6OЙbl KOCKAH yЛECΙ yWИH HARLEM LOT и ИAHum LOT ご Η HAREM LOT H HARLEM LOT- HAMLEM LOT Η HARLEM O1- Η RU LOT+ 2"

Мал азықтық дақылдар бойынша 189 мың 100 тонна жоспар бекітіліп, қазіргі таңда 192 мың 300 тонна шөп жиналды. Нәтижесінде жоспар 101,6 пайызға артығымен орындалды. Бұл – аудан шаруаларының ұйымшылдығы мен тынымсыз еңбегінің айқын көрсеткіші.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*