Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «SAUMAL DE LUX» КЕШЕНІ БОЙ КӨТЕРУДЕ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «SAUMAL DE LUX» КЕШЕНІ БОЙ КӨТЕРУДЕ

Түлкібас ауданында туризм саласы қарқынды дамып келеді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі.
Соның айқын дәлелі – Жаскешу ауылдық округіне қарасты Пістелі ауылында құрылысы басталған “Saumal DE Lux” туристік-сауықтыру кешені.

Возможно, это изображение один или несколько человек

Түлкібас ауданының әкімі Асқар Естібаев және мәслихат төрағасы Серғали Сәрсенбаев аталған нысанның құрылыс барысымен арнайы танысып қайтты. Жауапты мамандардан атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат алып, жобаның уақытылы әрі сапалы аяқталуының маңыздылығын атап өтті.

Кешеннің негізгі бағыты – саумалмен емдеу, жылқы туризмі, табиғат аясында серуендеу, сондай-ақ ұлттық тағамдарды, соның ішінде таба нан мен қолдың майын дайындау дәстүрін жандандыру. Жоба ауылдың туристік әлеуетін арттырып қана қоймай, ұлттық құндылықтарды насихаттауға да бағытталған.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 80 пайызы аяқталған. Жоба 2026–2027 жылдар аралығында 3 кезеңмен жүзеге асады.

Нет описания фото.

✅ 1-кезең (2026 жылы)
Бұл кезеңде жалпы ауданы 1280 м² болатын заманауи қонақ үй, 14 стандарт нөмір, 2 VIP нөмір, арнайы мейрамхана, 2 VIP кабинка, жазғы алаңша және 3 бірегей типті коттедж пайдалануға беріледі. Әр коттедждің аумағы 160 м² құрайды. Бұл нысандар демалушыларға жоғары деңгейде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

✅ 2-кезең (2026–2027 жылдар)
Аталған кезеңде 1080 м² заманауи спорт кешені, жазғы бассейн, 10 глемпинг, 5 киіз үй салынады. Сонымен қатар балық шаруашылығын дамыту, Көкбұлақ өзені үстінен 2 аспалы көпір салу, тау бөктерінде ұзындығы 1,5 шақырымды құрайтын жаяу жүргінші жолын салу жоспарланып отыр. Бұл нысандар экотуризмді дамытуға серпін береді.

Кешеннің алғашқы кезеңі 2026 жылдың наурыз айының екінші жартысында ашылады деп жоспарлануда. Жоба толық іске қосылған жағдайда жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті тұрғындардың табыс көзін арттыруға да мүмкіндік туады.

Нет описания фото.

Нысан пайдалануға берілген соң аудандағы туризм саласы жаңа қарқын алып, ішкі және сыртқы туристерді тартуға жол ашып, өңір экономикасының дамуына оң ықпал ететіні сөзсіз.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*