Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұловтың төрағалығымен аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында кезекті аппараттық мәжіліс өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

Нет описания фото.

↪️ Мәжіліс барысында аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Асхат Райымбеков инвестиция тарту жұмыстары жөнінде баяндама жасап, ауданда іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар, атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар туралы кеңінен мәлімет берді. Инвестиция көлемін ұлғайту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу, шағын және орта бизнесті қолдау бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.

↪️ Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Серғазы Қалдыбаев пәтер қарыздарын өндіру және квартиранттарды шығару бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен кездесіп отырған мәселелерге тоқталды. Бұл ретте тұрғын үй саласындағы тәртіпті күшейту және заң талаптарын сақтау қажеттігі айтылды.

Возможно, это изображение один или несколько человек

↪️ Сондай-ақ Киелітас және Бірінші Мамыр ауылдық округтерінде өндірістік парктерді құру мәселесі қаралды. Бұл бағытта Бірінші Мамыр ауылдық округінің әкімі Бақытбек Маусунбеков пен Киелітас ауылдық округінің әкімі Баймырза Адамбек баяндама жасап, өндірістік парктердің маңыздылығы, оларды іске асыру кезеңдері және күтілетін нәтижелер жөнінде ақпарат ұсынды. Аталған бастамалар ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытып, халықты тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

↪️ Сонымен қатар Төлеби ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Марлен Тоқсейіт күзгі әскерге шақыру науқанының орындалу барысы туралы хабарлама жасап, бұл бағыттағы жұмыстардың жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Мәжіліс барысында аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы басты басымдықтардың бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, инвестиция тарту, өндірістік парктерді дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзекті мәселелерді жүйелі түрде шешу және қорғаныс істері бойынша міндеттердің сапалы орындалуы ауданның тұрақты дамуына тікелей әсер етеді.

Возможно, это изображение один или несколько человек

✅ Мәжіліс қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, көтерілген мәселелердің уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл тапсырмалар аудан дамуының нақты көрсеткіштеріне оң ықпал ететіні атап өтілді.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*