Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БІРҚАТАР ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БІРҚАТАР ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ

Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 10-бабына сәйкес сегізінші шақырылымдағы Төлеби аудандық мәслихатының кезектен тыс отызыншы сессиясы өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі.

Возможно, это изображение текст

Кезектен тыс сессия ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін өзекті мәселелерді жедел қарау мақсатында ұйымдастырылды. Жиын барысында жергілікті басқару органдарының тиімділігін арттыру, бюджет қаражатын оңтайлы пайдалану және кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы маңызды шешімдер қабылданды.

✅ Басқосуға мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров төрағалық етіп, оған аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов, аудан әкімінің орынбасарлары, қала және ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары мен тиісті мекемелердің өкілдері қатысты. Бұл сессия атқарушы және өкілді органдар арасындағы өзара үйлесімді жұмыстың айқын көрінісіне айналды.

✅ Сессия алдында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өткізіліп, күн тәртібіндегі мәселелер алдын ала жан-жақты талқыланды. Комиссия отырыстарында ұсынылған өзгерістердің заңдылығы мен тиімділігі сараланып, депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескерілді.

Возможно, это изображение текст

✅ Мәжіліс барысында бес мәселе қаралды. Атап айтқанда, Төлеби ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимі бойынша салық мөлшерлемесін төмендету мәселесі талқыланды. Сонымен қатар «2025–2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне, Ленгір қаласы, Алатау және Аққұм ауылдық округтерінің бюджеттеріне өзгерістер енгізілді. «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту және қызметтік автокөліктер мен арнайы техникалардың мақсатты пайдаланылуы да күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың бірі болды.

✅ Сессияға қатысып отырған аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы қаралған мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, мәслихат депутаттарын бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Сондай-ақ аудан басшысы Түркістан қаласында өткен инвест форумда инвесторлармен келіссөздер жүргізілгенін айтып, алдағы уақытта инвестиция тарту бағытында бірқатар іссапарлар жоспарланып отырғанын жеткізді.

Возможно, это изображение текст

✅ Депутаттар ұсынылған барлық мәселелерді талқылап, қажетті шешімдер қабылдады. Қабылданған шешімдер ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал ететіні атап өтілді. Сессияны қорытындылаған мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров депутаттардың белсенділігі мен жауапкершілігін атап өтіп, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*