Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ІНДЕТТІ ТІЗГІНДЕУ — ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА

ІНДЕТТІ ТІЗГІНДЕУ — ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА

Өкінішке қарай қауіпті дерт қайта өршіп барады. Өткен тәулікте Қазақстан бойынша 2 077 адам вирус жұқтырған. Оның ішінде 96-сы Шымкент қаласының тұрғындары екен. Қала берді 77 адамнан короновирусты пневмония тіркеліп отыр.
Бұл пандемия басталғалы тіркелген анти-рекорд!
Тіпті, өткен жылы шілде айында індет барынша өршіп тұрған кезде де мұндай жоғары көрсеткіш болмаған еді…
Сақтанбасақ болмайды, ағайын!
Қазір көшеде адамдардың маскасыз жүргенін жиі байқаймыз. Мұндай жауапсыздықтың соң қайғылы жағдайға әкеп соқтыруы әбден мүмкін. Былтыр жазда көзіміз жетті емес пе?!
Әсіресе, егде жастағы және созылмалы аурулары бар адамдар үшін бұл вирус аса қауіпті!
Мәселен, мамандар қант диабетімен ауыратын адамдардың ағзасы коронавируспен күресуге әлсіз әрі вирустан көз жұму жағдайы 8 есе жоғары болатынын айтады.
Қазақстанда қан диабетіне шалдыққан адам саны 380 мыңнан асады. Жыл сайын науқастарды емдеуге 1 млрд доллар көлемінде қаржы жұмсалады. Бюджет қаражаты тек дәрі-дәрмекке ғана емес, сонымен бірге дәрігерлік кеңеске, мүгедектік жөніндегі жәрдемақыға, емдеу мен стационарға кетеді. Соған қарамастан жыл сайын 16 мың адамның ауруы асқына түседі екен.
«Қант диабетімен ауыратын науқастар саны Қазақстанда жылдан жылға өсіп келе жатыр. Бір жағынан диабетпен ауыратын адам короновирус жұқтырған жағдайда оның жағдайы ауырлауы, тіпті өміріне қауіп төнуі мүмкін. Екінші жағынан коронавирустың әсерінен қант диабетімен ауыратындар да көбеюі мүмкін.
Оны бүгін ешкім жоққа шығара алмайды. Ғылыми жұмыстар коронавирустан кейін ұйқы безінің жұмысы бұзылып, адам қант диабетіне шалдығуы мүмкін екенін көрсетіп отыр. Бұл бүгінгі күні жаңа басталып келе жатқан нәрсе, оны түйіндеу үшін әрі қарай зерттеу керек» дейді «Хабар 24» телеарнасына сұхбат берген С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ эндокринология кафедрасының меңгерушісі Жангентхан Абылайұлы.
Сондықтан өзіңіз сақтаныңыз және жақындарыңызға жанашыр болыңыз!

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*