Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне қатысты комиссияның отырысы өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Жиынға құқық қорғау органдары, білім және денсаулық сақтау саласының өкілдері, бөлім және мекеме басшылары, ауылдық округтер мен кент әкімдері қатысты.

Возможно, это изображение один или несколько человек

Күн тәртібінде төрт негізгі бағыт қаралды. Алдымен Созақ аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Нұрәділ Ерман қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті сақтау мақсатында атқарылған жұмыстарды баяндады. Сондай-ақ нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл шаралары, профилактикалық кездесулер, білім беру ұйымдарымен бірлескен түсіндіру жұмыстары жөнінде мәлімет берді.

Жиында жол қауіпсіздігі мәселесі де назардан тыс қалмады. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, автожолдардың жай-күйін жақсарту және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар туралы аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ербол Аманов баяндама жасап, нақты ұсыныстарын ортаға салды.

Возможно, это изображение костюм

Сонымен қатар ерте жүктілік, ұрлық және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар жөнінде Созақ аудандық білім бөлімі басшысы Абай Өтебаев пен аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Нұрлан Бердімұратов хабарлама жасады. Олар білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің рөлін күшейту, ата-аналармен байланысты нығайту, жасөспірімдерге медициналық және әлеуметтік кеңес беру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығына тоқталды.

Нет описания фото.

Жиын барысында аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы көтерілген мәселелердің өзектілігін атап өтіп, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмысты күшейту қажеттігін айтты. Ол салааралық өзара үйлесімділікті арттырып, профилактикалық шараларды нақты нәтижеге бағыттауды тапсырды. Сондай-ақ жауапты мекемелерге берілген тапсырмалардың орындалуы қатаң бақылауда болатынын ескертті.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*