Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҮЛГІЛІ АУЫЛЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ БОЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҮЛГІЛІ АУЫЛЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ БОЛДЫ

Мақтаарал ауданында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан инфрақұрылымдық жобалар қарқынды түрде жалғасуда, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Соның бірі – А.Қалыбеков ауылдық округіне қарасты Үлгілі ауылындағы мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, жақын арада пайдалануға берілгелі тұр.

Нет описания фото.

Өткен аптаның соңында аудан әкімі Бақыт Асанов нысанға арнайы барып, құрылыс сапасын көзбен көріп, жауапты мердігерлермен кездесті.

Үлгілі ауылындағы мәдениет үйі – ұзақ жылдар бойы ауыл жұртшылығының бас қосатын негізгі орны. Мұнда түрлі мәдени іс-шаралар, үйірмелер, жастардың басқосулары өткізіліп келгенімен, ғимараттың техникалық жағдайы соңғы жылдары тозып, жөндеуді қажет етіп жүрген еді.

Бүгінде «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде бөлінген қаражаттың арқасында мәдениет үйі толық жөндеуден өтті. Құрылыс жұмыстарының аясында ғимараттың қасбеті жаңартылып, шатыр мен есік-терезелер ауыстырылды. Ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, жылыту және электр жүйелері толық жаңғыртылды. Сахна мен көрермен залы заманауи талаптарға сәйкестендірілді. Сондай-ақ, мәдениет үйінің аумағында футбол алаңшасы да салынды.

Возможно, это изображение трава

Сапар барысында Бақыт Асанов мердігер компания өкілдерімен сөйлесіп, атқарылған жұмыстардың сапасын назарға алып, нысанды жыл соңына дейін сапалы аяқтауды тапсырды.

Қосымша айта кетсек, жаңартылған мәдениет үйі ауыл тұрғындарының шығармашылық әлеуетін арттыруға, жас буынның өнерге қызығушылығын оятуға және қоғамдық өмірді жандандыруға серпін бермек. Мұндай нысандардың жаңғыртылуы ауыл мен қала арасындағы әлеуметтік теңгерімді сақтауға, мәдени орта қалыптастыруға және елді мекендердің тартымдылығын арттыруға бағытталған маңызды қадам болып саналады.

Нет описания фото.

Айта кетейік, мәдениет үйі пайдалануға берілген соң мұнда балалар мен жастарға арналған үйірмелер, театрлық және музыкалық қойылымдар, ауылдық мерекелік іс-шаралар, қоғамдық жиындар жаңа деңгейде өтетін болады.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*