Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: Ж.ҚАЛШОРАЕВ АУЫЛЫНА ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: Ж.ҚАЛШОРАЕВ АУЫЛЫНА ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 34 жылдық мерекесі қарсаңында Мақтаарал ауданы Достық ауылдық округіне қарасты 3 мыңға жуық тұрғыны бар Ж.Қалшораев ауылына табиғи газ берілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Көп жылдан бері күткен игіліктің жүзеге асуы ауыл халқының тұрмыс сапасын жақсартып, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған маңызды қадам ретінде бағалануда.

Возможно, это изображение улица

Ауылға көгілдір отынның қосылуына орай ұйымдастырылған шараға аудан әкімі Бақыт Асанов арнайы барып, тұрғындардың қуанышымен бөлісті. Әкім ауыл халқына жаңа мүмкіндіктің құтты болуын тілеп, бұл жобаның мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған зор қолдаудың нәтижесі екенін атап өтті. Оның айтуынша, табиғи газ – тұрғындардың күнделікті өмірін жеңілдететін, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және экономикалық тұрғыдан тиімді ресурс.

Ж.Қалшораев ауылының тұрғындары үшін бұл – тұрмыс сапасын арттыруда үлкен серпіліс. Бұрындары сұйытылған газ баллондарын пайдаланып келген халық енді қауіпсіз әрі үздіксіз жылу көзіне қол жеткізді. Бұл, әсіресе, қыс мезгілінде тұрғындарға барынша қолайлы жағдай жасап қана қоймай, экологиялық тұрғыдан да тиімді шешім болып отыр.

Возможно, это изображение текст

Аудан басшысының айтуынша, елді мекендерді газға қосу жұмыстары жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Бұл өз кезегінде аудан халқының әл-ауқатын арттырып, ауылдардың әлеуметтік инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Жалпы, 2026 жылы Мақтаарал ауданы 100 пайыз табиғи газбен қамтамасыз етіледі деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, табиғи газдың келуі ауылда шағын және орта бизнестің дамуына, әлеуметтік нысандардың тиімді жұмыс істеуіне де оң әсерін тигізбек. Газдандыру – өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттырып, ауылдық елді мекендердің келешегіне серпін беретін маңызды факторлардың бірі.

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

Ауыл ақсақалдары мен тұрғындары аудан әкімдігіне және іске атсалысқан мамандарға алғыстарын айтып, табиғи газдың келуі – ауыл өмірін жаңа арнаға бұратын қуанышты оқиға екенін жеткізді.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*